ШҚО-да дзюдодан халықаралық турнир өтті

25.09.2018

Өскеменде дзюдодан Марат Чегеевті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық жарысы өтті.

Татами бәсекесінде өз салмағының үздігі атануға еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан елдерінен де келген екен. Қатысушылар тек жүлде үшін емес, спорт шебері атағын орындауды да мақсат етті. Ал бұл нормативті тек алтын медаль иеленгендер ғана орындайтын-ды. Әр спортшы жеңіске деген жігер танытып, жанкештілікпен күресті. Аймақ спортшыларынан Дзюдо Орталығында жаттығатын Бахтияр Ағзамов спорт шебері атағын орындаса, Талғат Әміренов ауыр салмақта алдына жан салмады. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жазғы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Қуан Барыс екінші орын еншілесе, өскемендік Бибінұр Өтесінова да осы межеден көрінді. Қола жүлде «Семей» спорт академиясынан келген Дана Мұратқызы мен ШҚО дене шынықтыру және спорт басқрамысының «ШҚО бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-де жаттығатын Барақ Арқабай иеленді.

Сондай-ақ жарыстың салтанатты бөлігінде бапкерлер мен жаттықтырушыларды сертификатпен, дан және куәлікпен марапаттады. Аман Шәріпов Олимпиада ойындарының қатысушысы Еркебұлан Қосаевты, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Серіктай Закетаевты, Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Мадияр Сембаевты баулығаны үшін бесінші дан иеленді. Спорт шебері Рауан Темірәлиевке бірінші дан сертификатын табыс етсе, Ғабит Дәулетбаев, Ілияс Қалиолда мен Евгений Кияшко еліміздің спорт шебері куәлігін иемденді. Екі күнге жалғасқан сайыста үздіктер төмендегідей анықталды:

 

Қыздар арасындағы 48 кг салмақ қорытындысы

1. Ғалия Тынбаева (Алматы)

2. Акмарал Науатбек (Астана)

3. Еркежан Махмұдова (ШҚО)

3. Салтанат Султанбекова (Қызылорда облысы)

52 кг салмақ қорытындысы

1. Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)

2. Әйгерім Төреғожина (Атырау облысы)

3. Ирина Кривенко (Павлодар)

3. Дана Мұратқызы (ШҚО)

57 кг салмақ қорытындысы

1. Меруерт Сәрсенова (Алматы облысы)

2. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

3. Рауза Нұрмахамбетова (Жамбыл облысы)

3. Диана Аипова (Алматы)

63 кг салмақ қорытындысы

1. Йоланта Бердыбекова (Алматы)

2. Әйгерім Жұмаділла (Алматы облысы)

3. Алтынай Қаби (Астана)

3. Аружан Жолдас (Жамбыл облысы)

70 кг салмақ қорытындысы

1. Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)

2 .Амина Рассул (Шымкент)

3. Аяулым Балапанова (Жамбыл облысы)

+ 78 кг салмақ қорытындысы

1. Аруна Жангельдина (Ақтөбе облысы)

2. Бибінұр Өтесінова (ШҚО)

 

Ерлер арасында 60 кг салмақ қорытындысы

1. Нұрсұлтан Серәлі (Қызылорда облысы)

2. Арман Отарбаев (Қарағанды облысы)

3. Бақытжан Амангелды (Атырау облысы)

3. Ержан Еренғайыпов (Қарағанды облысы)

66 кг салмақ қорытындысы

1. Адлет Сейлханов (Алматы облысы)

2. Алмас Ғалымов (Алматы)

3. Жасулан Сейдазым (Атырау облысы)

3. Нұрбол Елубай (Астана)

73 кг салмақ қорытындысы

1. Урал Содыков (Өзбекстан)

2. Куан Барыс (ШҚО)

3. Дархан Койбагар (Алматы облысы)

3. Жанибек Тыныбаев (Карағанды облысы)

81 кг салмақ қорытындысы

1. Бахтияр Ағзамов (ШҚО)

2. Акмал Нажмиддинов (Өзбекстан)

3. Барак Аркабай (ШҚО)

3. Аңсарбек Ғайнуллин (Алматы)

90 кг салмақ қорытындысы

1. Серік Салменов (Павлодар облысы)

2. Рега Палкин (Қарағанды облысы)

3. Бекарыс Әбішақман (Алматы)

3. Серікболсын Шынтас (Алматы)

100 кг салмақ қорытындысы

1. Айбек Серикбаев (Қызылорды облысы)

2. Никита Азаров (Қарағанды)

3.Темірлан Сериков (Қарағанды)

3. Нұрәділ Есенгелды (Шымкент)

+100 кг салмақ қорытындысы

1. Талғат Әмренов (ШҚО)

2. Жамбыл Тұрғыалиев (Жамбыл облысы)

3. Мұхтар Әбдімалік (Астана)

3. Сәулет Абысаликов (Шымкент)

Похожее