Серік Құсанбаев облысымыздың Зайсан қаласында дүниеге келген. Ш.Құдайбердиев атындағы Семей педагогикалық институтының түлегі.

15.11.2018

15 қараша 2018 жылы сағат 15-00 де Шығыс Қазақстан Өнер музейінде Қазақтың айтыскер ақыны, жыршы, журналист Серік Құсанбаевтың шығармашылығына 30 жыл толуына арналған «Жан жолдасым домбыра» атты кеші өтеді.

 Бұл шара ақын жерлесімізбен сұхбаттасуға үлкен мүмкіндік береді. Отыз  жылдан астам уақыт қазақ айтысының туын желбіреткен айтыскер Серік Құсанбаевтың музейде өтетін шығармашылық кешінде өрнекті өлеңдері оқылып, ән-термелер орындалып және көрерменіне әдемі айтыс та тарту етеді.

       Кештің мақсаты – келген қонақтарды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

          Серік Құсанбаев облысымыздың Зайсан қаласында дүниеге келген. Ш.Құдайбердиев атындағы Семей педагогикалық институтының түлегі.

        1988-1990 жылдар арасында ақындық өнерді мұрат тұтып, жыр сайыстарына жауапкершілікпен қарай білген Серік Құсанбаев талмай ізденудің нәтижесінде халықаралық,  республикалық және аймақтық дәрежелерде өткізілген Ы. Алтынсариннің  150 жылдығына, С. Сейфуллиннің 100 жылдығына, Абайдың 150 жылдығына, Ғ. Мүсіреповтың 100 жылдығына,  Ж.Жабаевтың 160 жылдығына, Қарасай батырдың 400 жылдығына, Қорқыттың 1000 жылдығына арналған республикалық айтыстардың жеңімпазы және көптеген жыр сайыстарының жүлдегері болды.

         Айтыс өнері саласындағы еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін ол 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің, 2000 жылы ҚР Президентінің, 2007 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Грамоталарымен марапатталған. ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

         Серік Құсанбаев өз өнерін Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерінде паш етіп, барлық сапарлардан абыройлы оралған. Ұзақ жылдар Павлодар облысында тұрып, еңбек етіп, 2004 жылы туған өлкесіне оралған ақын қазіргі таңда жас ақындарға ұстаздық етеді, 2007 жылдан облыстық «Дидар» газетінде тілшілік қызмет атқарады.

          Осы шараға келіп, қатысып, ақпараттық демеу жасауларыңызды сұраймыз.

Похожее