«Smart Еducation – Өскемен 2019» қалалық ІТ-форумға баспасөз-хабарлама

26.02.2019

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ақпараттық технологиялар саласында дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін іске асыру үшін жағдай жасау, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған үздік IT-шешімдерді анықтау және қолдау мақсатында 2019 жылдың 26-27 ақпанында Өскемен қаласының әкімі Ж.М. Омардың бастамасымен алғаш рет «Smart Еducation-Өскемен 2019» ІТ-форумы өткізіледі.

«Smart Education-Өскемен 2019» IT-форумы екі күн өтеді.

Бірінші күні IT-жобалар байқауы, ЗD моделдеу бойынша STEM – олимпиада, бағдарламалау бойынша STEM-олимпиада және спорттық робототехника бойынша Чемпионат өтеді.

Екінші күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді, сондай-ақ оқушылардың үздік IT-жобаларының көрмесі, «Робополигон» киберспорттық алаңы, ҚазИнтерСервис, КазITGroup, Rating, Казпошта және Қазақтелеком және т.б. IT-компаниялары мен ұйымдарының көрмелері ұйымдастырылады.

Форумның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасын жариялауға, сондай-ақ қала мектептерінің дарынды балаларын қолдауға мүдделі БАҚ өкілдерін Көкжал Барақ көшесі, 8/2 мекенжайы бойынша («№ 46 орта мектебі» КММ) «Smart Еducation – Өскемен 2019» ІТ-форумының салтанатты жабылуына қатысуға шақырамыз.

Похожее