Студенттермен кездесу болып өтті

03.11.2018

«Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» атты кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен, сондай-ақ «Қызыл Жарты Ай» ҚБ бірлесе ШҚО ББ «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ студенттері арасында оқытып үйрету шеберлік-сағатын өткізді.

Кездесу барысында құқық сақшылары студенттік жастарға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жаяу жүргіншілердің тәртібіне байланысты мәселелерді атап өтті. Полиция қызметкерлері колледжде білім алушылардың назарын  жолдардағы қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалау қажеттілігіне және «жол тұзақтарын» алдын ала болжаудың маңызды екендігіне аударды. Жол-көлік жарақатының профилактикасы тақырыбын жалғастыра отырып, «Қызыл Жарты Ай» ҚБ өкілдері дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетудің практикалық дағдыларын назарларына ұсынды.

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысының  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары студенттерге жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін насихаттайтын ақпараттары бар буклеттерін табыс етті.

Атап өту қажет, 2018 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында  жаяу жүргіншілердің қатысуымен 257 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖКО саны 8,5% төмендеген.

 

Похожее

Мүгедектер үшін кедергісіз орта мәселелері қаралды.
Мүгедектер үшін кедергісіз орта мәселелері қаралды.

21.01.2019 09:14

Қалалық мәслихат депутаттары мүмкіндігі шектеулі...

Рассмотрели вопросы безбарьерной среды для инвалидов.
Рассмотрели вопросы безбарьерной среды для инвалидов.

21.01.2019 09:14

Депутаты городского маслихата рассмотрели вопросы...

Рассмотрены вопросы развития массового спорта и туризма.
Рассмотрены вопросы развития массового спорта и туризма.

21.01.2019 09:13

Депутаты городского маслихата на заседании...

Есть такое мнение...
Есть такое мнение...

20.01.2019 23:17

Вопрос загрязнения атмосферного воздуха...