Талапкерлерге қашықтықтан бағыт-бағдар беріліп жатыр

19.04.2020

Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты жастар ресурстық орталығының қызметкерлері онлайн режимде жұмыс істеуге көшті.

Бүгінде аталмыш орталықтың мамандары түлектерге арналған «Кәсіптік білім берудің онлайн ашық есік күні» атты іс-шарасын ұйымдастырды.

-        Мемлекеттік жастар саясатын жүйелі іске асыру және жастармен атқарылатын жұмыс жоспарының кестесіне сәйкес барлық іс-шаралар әлеуметтік желілердің мүмкіндігімен ұйымдастырылатын онлайн форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты жастар ресурстық орталығы барлық онлайн іс- шаралардың жұмыс кестесін әзірледі, - деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

Айта кетейік, бұған дейін қашықтықтан бағыт-бағдар беру жұмыстары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде, сондай-ақ Қазақстан Американдық еркін университеті мен Қазақстан инновациялық  гуманитарлық -заң университетерінде өткізілді. Оған 5000 түлек қатысты. Бұдан бөлек 3000  ға тарта жоғарғы оқу орындарын бітіруші жастардың қатысуымен Курчатов қаласында, Алтай,Абай , Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Борадулиха аудандарында онлайн форматтағы «қалалар мен аудандар күні» өтті. Алдағы уақытта мұндай бағыттағы жұмыстар облысқа қарасты барлық аудан мен қалада ұйымдастырылатын болады.

-        Осы күнге дейін қашықтықтан байланыс орнатылып, 9 мыңнан астам талапкерге бағыт-бағдар берілді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауап берілді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Білікті маман» жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба аясында республикалық гранттарға ие бола алмай қалған жастарға гранттар тағайындалады, - деді Арайлым Есімбекова.

Айта кетейік, «Білікті маман» жобасы қолға алынғалы бері 1046 студентке грант берілді.

Похожее