Тәртіп сақшылары Өскемен қаласында еліміздің басты мерекесі-Тәуелсіздік күнін атап өтті.

15.12.2018

Еліміздің басты мерекесі –Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Департамент басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Мереке құрметіне ШҚО ПД басшылығы қызметтік міндеттерін адал орындаған үшін облыстың полиция қызметкерлеріне мерекелік марапаттар табыс етті. Полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев жұмыста жоғары көрсеткіштері бар қызметкерлерге омырау белгілері мен құрмет грамоталарын табыстады.

Полиция подполковнигі Ернар Базаров ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.  Полиция подполковнигі Андрей Киселевке және полиция капитаны Әсет Шахантаевқа Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді, тағы 5 қызметкер  "Ішкі істер органдарының үздігі" төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ ҚР ІІМ грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. 

Сонымен қатар, облыстың полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін мереке қарсаңында олбыс ПД бастығының құқығымен көтермеленді. 3 қызметкер «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды, 40 қызметкерге грамота табыс етіліп,  33 қызметкерге алғыс жарияланды. 

Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаев облыс ПД аппаратының жеке құрамын мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтады.    Полиция генерал-майоры осыдан жиырма жеті жыл бұрын Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылғандығын, жас мемлекет өзінің тәуелсіздігі мен  егемендігін жариялағандығын, тарихи ары қарай даму жолын таңдау мүмкіндігі туғандығын атап өтті.  Халықтың бостандығы мен ұлылығын бейнелейтін бұл мереке біз үшін айрықша қымбат. Осы жылдар ішінде жаңа экономикалық жүйенің іргетасы қаланып, қазақстандықтардың өмір сүрі сапасы мен стандарттары өзгерді.

- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – Отанымыздың өркендеп гүлденуі жолындағы біздің бірлігіміз бен татулығымызды паш ететін ұлы мереке!  Шын жүректен Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, береке-бірлік тілеймін және  ел іргесі тыныш болсын,- деп Ж. Бақтыбаев жеке құрамға өз ақ тілегін білдірді.  

Салтанатты жиын ПД хорының және қаланың шығармашылық ұжымдарының күшімен әзірленген мерекелік концертке ұласты. Іс-шара ПД хорының орындауындағы «Алаш ұраны» және «Біз біргеміз» әндерімен аяқталды.

Похожее