Қарттар мерекесі күніне байланысты мектепішілік жоспар бойынша біршама іс-шаралар өткізілді.

03.10.2018

№45 Орта мектеп фойесінде «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында бейнефильм көрсетілді.

1-11 сыныптардың барлығында «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. 01.10.2018 жыл мектептің акт залында «Қарттарым, аман-сау жүрші» тақырыбында 6 «а,б,в,г» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ақсақалдар мен әжелер алқасына», мектебіміздің ата-әжелеріне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт басында мектеп директоры Тлеукенов О.Р. құттықтау жолдады. Қарттарымыз оқушыларымыздың дайындаған өнерлерін тамашалады.Концерттің екінші бөлімі мектебіміздің әжелері мен аталарынан ұйым құруға ұсыныс түсіп, ұйымға қабылдау жүргізілді. Жетекшісі болып Жұмақанова Саруар Сабитовна сайланды. Қарттар рахметтерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Бұл жолы да мектеп оқушыларынан құрылған Жас Тимуршылар командасы қарт әже-аталардың үйіне барып, мерекесімен құттықтап, көмек көрсетіп қайтты.

Похожее