«Қазақстан бүгін және болашақта»

14.09.2018

Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады, оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес.

Осы орайда бүгін 14 қыркүйек күні Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық универститетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстағы мемлекеттік қызметшілермен және студенттерден құралған «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбы бойынша пікір-сайыс турнирі өткізілді. 

Пікір-сайыста 21 команда, оның ішінде: 11 мемлекеттік қызметшілер мен 11 студенттер бағын сынады. 
Мұндай пікір-сайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді.
Айтылғандардан басқа, ұлттық деңгейдегі пікір-сайыс мемлекеттік қызметшілерге ел алдына қойылған мақсаттарға жету жолында өзінің жеке салымын енгізуге мүмкіндік береді.
Пікір-сайыс раундтарының тақырыптары мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаларда көрсетілген өзекті мәселелерді есепке ала отырып, айқындалды. 
Пікір-сайыс қорытындысы бойынша: қазақша лигадан 1-орынды ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое ауданы бойынша басқармасының бас маманы Мұхаметқанова Айымгүл Жанатханқызы және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Жақсылық Жансая Төлеуғазықызы , 2-орынды Ұлан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Шалусбаев Еркебұлан Серікбекұлы және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Қуатбеков Бақдәулет Бақытұлы, 3-орынды Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қуангалиева Анар Ахметқалиқызы және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Молдақашев Қуаныш Панарбекұлы жеңіп алды.
Ал орысша лига бойынша, 1-орынды ШҚО МКД «Әуезжай-Өскемен» кедендік бекетінің жетекші маманы Лихомяжева Мария Васильевна және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Бекенбай Ерасыл Ерланұлы, 2-орынды экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Қайдаров Аян Еркінұлы және Өскемен қалалық политехникалық колледжінің студенті Филипов Никита Сергеевич, 3-орынды Семей қаласының Востокказнедра инспекциясының басшысы Мұхамеденов Эльдар Әлімұлы және Семей қаласының мемлекеттік медицина универститетінің студенті Төлеубекова Милана Төлеубекқызы.

Похожее