Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар

25.04.2019

Биыл бірінші мамыр күні мерекелік іс-шара жаңа форматта ұйымдастырылады, бұл халықтың іс-шараға белсенді қатысуына, бос уақытын қызықты және пайдалы өткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Дәстүрлі шерудің орнына 15 ойын-сауық алаңдарында түрлі жоспарлы іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама сағат 10.00 басталады.

Алаңның субұрқақ бөлігінде "Шағын – Арбат" - қалалық қолөнершілер мен суретшілер жұмыстарының көрмесі жұмысын бастайды. Сонымен қатар мұнда балалар қалашығы, яғни ойын-сауық аттракциондары, ойын алаңдары, танымдық ойындар, иллюзионистер алаңы, алып қуыршақтар және іс-шара тақырыбына сәйкес сыйлықтар табыстала отырып әртүрлі конкурстар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, екі фотозона, мерекелік сауда ұйымдастырылады, "Домбыра пати" және "Караоке"конкурстары өтеді.

Алаңның орталық бөлігінде екі шығармашылық алаң орналасады, онда көрермендер би байқауына немесе түрлі ұлттық ойындарға қатыса алады.

Сондай-ақ, алаңның өрнекті бөлігінде ойын приставкаларының аймағы ұйымдастырылады, көрермендер FIFA футбол симуляторында бақ сынаса алады.

Спорт және халық ойындары облыс әкімдігі мен "Халық банкі" ғимараттарының арасында Горький көшесінде орналасады. Гір көтеру, армлифтинг, арқан тарту, "Асық ату", садақ ату, ФИТ кросс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі бойынша спорттық ойындар ұйымдастырылады, "Каратэ" флэшмобы және черлидинг мектептері командалары өнер көрсетеді.

Қазақстан көшесінде фуд-корт аймағы орналасатын болады. Мұнда дәмханалар мен мейрамханалар тез дайындалатын түрлі тағамдармен және де ұлттық тағамдармен сауда жасайды.

М. Горький көшесі бойынша, "М-Техникс" дүкенінен Пермитин көшесінің қиылысына дейін "Бипэк Авто – Азия Авто" компаниясы тобының отандық автомобильдері колоннасы ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де басты сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Сондай-ақ, Республика алаңында сағат 13.00-де "Автоэкзотика" автошоу өтеді. Көрмеге 30-дан астам автокөлік қойылады, сондай-ақ келесі номинациялар бойынша автомобильдер конкурсы өтеді: "Автозвук", "Ретро-классика", "Тюнинг", "Отырғызу", "Автоэкзотика", "Спорттық".

Кешке сағат 18.30 - да қала әкімінің кубогына 5 номинация бойынша "Студенттік көктем-2019" гала концерті өтеді ("Үздік вокал", "Үздік би", "Өзіндік жанр", "Үздік аспаптық нөмір", "Үздік шығармашылық нөмір").

Мерекелік бағдарлама "Ән салатын субұрқақтың" қосылуымен аяқталады.

Похожее