«Үлкен террор»

26.05.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Өскемен қ. ПБ қызметкерлері 23 мамыр күні Өскемен қаласындағы «Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында» болып қайтты.

Онда қазақтың көрнекті саяси жəне қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, тарихшы- ғалым,этнограф, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол қатынастарының инженерінің шығармашылығына арналған «Қазақтан шыққан тұңғыш инженер – Мұхамеджан Тынышбаев» атты ғұмырнамалық кеш өтті.

Аталған кеште «Үлкен террор» құрбаны болған әмбебап ғалым, халқымыздың біртуар перзентінің талайлы тағдыры туралы тамаша естеліктер айтылып, алаш арысының артында қалған мұрасы кеңінен насихатталды. Қонақтар Мұхаметжан Тынышбаев мұрасын насихаттауда ұрпақтарының сіңірген еңбегі туралы бейнефильмдер тамашалады. «Алаш арысы Мұхаметжан Тынышбаев» атты көрмеде қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер ұсынылды. Аталған көрмеден   полиция қызметкерлері керемет әсер алып қайтты. 

Похожее