Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 26 жас офицермен толықты.

18.07.2018

Өскемендегі «Шығыс»өңірлік қолбасшылығында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Әскери оқу орындарының 2018 жылғы офицер-түлектерімен оқу-әдістемелік жиын өтті. Кеше ғана Ұлттық ұланның Әскери институтын тәмәмдап, қос иыққа кішкентай қос жұлдызды қондырған жас лейтенанттар жедел шақырылымдағы сарбаздарды ғана емес, сонымен қатар, өз ісінің кәсіби маманы болған келісім-шарт негізіндегі әскери қызметкерлер жеке құрамын да басқаратын болады.

Жиын барысында лейтенанттар өз кәсіби дайындықтарын жоғарылатып, алдағы әскери қызметіне кіріспес бұрын  білім мен біліктіліктерін сынап, кәсіби шеберліктерін шыңдайтын болады. 3 күнге созылған оқу-әдістемелік жиын барысында лейтенанттар жеке құраммен қалай  саптық және атыс дайындықтарын жүргізуді тағы бір пысықтап, тәжірибелі офицерлерден тәлім алды. Сонымен қатар ,мәскери жарғылар бойынша білімдері сыналып, дене дайындықтарын анықтау мақсатында спорттық нормативтер тапсырды..

-Біздің басты мақсатымыз, жас лейтенанттарды  «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарына қарасты әскери бөлімдерге таратып, өз мамандықтары бойынша тиісті лауазымдарға тағайындау.Екіншіден, қызметке тағайындамас бұрын оларға бағыт-бағдар беріп, жеке құраммен жұмыс істеу барысындағы қажетті тәжірибемізбен бөлісу-дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полковник Сергей Сергеев.                                                                       

 Қазіргі  Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Темірші ауылында дүниеге келген лейтенант Серік Оралбай  алғашқы әскери қызметін  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодардағы  5512 әскери бөлімінде бастайды екен. Ол  Ұлттық ұланның Әскери Институтын «тәрбиеші» мамандығы бойынша тәмәмдаған.                                                           - Алдағы уақытта өз мамандығым бойынша сарбаздарды тәрбиелейтін боламын және біздің отан қорғаушыларымыздың рухын моральдық психологиялық жай-күйін ретке келтіру біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бұл мамандық жеке мен үшін ең басты жауапкершілік болып табылады-дейді Серік Әбдірашидұлы.                                                                                                    Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор  Талапкер Амриев жас лейтенанттармен кездесіп, өзінің әскери өміріндегі тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы әскери қызметтерін абыроймен атқарып, ел сенімін ақтауға шақырды.                                                                                                

Бағдат Амангелді,

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі бастығы.

Похожее

В ВКГУ состоялась встреча СМИ ВКО с министром информации и коммуникаций РК
В ВКГУ состоялась встреча СМИ ВКО с министром информации и коммуникаций РК

17.10.2018 18:00

Встреча министра информации и коммуникаций...

В Усть-Каменогорске состоялась очередная ярмарка вакансий
В Усть-Каменогорске состоялась очередная ярмарка вакансий

17.10.2018 14:30

Прошла она в Доме дружбы – центре общественного...

«Квартиры по дешевке...»
«Квартиры по дешевке...»

17.10.2018 10:07

25 августа 2018 года около полудня в дежурную часть...

Жителей просят не беспокоиться
Жителей просят не беспокоиться

17.10.2018 10:06

Департамент по ЧС Восточно-Казахстанской области...

В ВКО прошёл чемпионат области по таекводо среди детей и кадетов
В ВКО прошёл чемпионат области по таекводо среди детей и кадетов

17.10.2018 09:56

В Усть-Каменогорске прошёл областной чемпионат по...