Қойылымды онлайн тамашалаймыз

18.04.2020

Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, композиторлық жағын және даналығын, қоршаған ортасын көрсету мақсатында «Мен бір жұмбақ адаммын» деген театрландырылған жинақ көрерменге жол тартты. Бұл жиынтықта ұлы ақынның өлеңдері, әндері бар. Мұны көрермендер бір рет көріп үлгерді.
Аталмыш жиынтықты онлайн түрде де тамашалауға болады. Жалпы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына келер болсақ, ұлы ақын қазақ даласын торлаған надандықтың түбіне жарқыраған шамшырақтай сәулесін төкті. Мұхтар Әуезовтің тілімен айтсақ, сол қазақ даласының таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды талмастан көрсетті Абай атамыз.
Абайдың даналығы, халықтығы ол халықтың рухани көзі болып, қазақтың алдын көре білді және халық болып ойлап, халық болып сезініп осы тарихи келешекке барудың жолын көрсетті.
Енді «Мен бір жұмбақ адаммын» деген қойылымға қысқаша тоқтала кетсек, Абай атамыздың «Жүрегіме сүңгі де, терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла, Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деген өлеңінде біздің болашақ жастарға арнаған сияқты.

Похожее