Ұрпақтарға сенім

15.12.2018

«Тәуелсіздік –Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты театрланған концерттік бағдарламада Қазақстанның бүкіл тарихы көрсетілді. Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары оны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арнады.

         Қатысушылар  рухани дара  тұлғалар- Абай, Шоқан, Сүйінбай  және Құрманғазының  өз шығармалары арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті, халық әлеуетін  арттыруға қосқан үлестерін сипаттап, халықтың хандық басқаруда ата мекені  үшін қалай күрескенін  бейнеледі.   Олар жаппай қуғын-сүргіннің, зұлмат аштықтың, Ұлы Отан соғысының,  ядролық сынақтың қайғылы кезеңдерін еске түсірді. Театрланған, музыкалық және   би композициясы халықтың мұңын, қасіретін, қуанышын  жеткізді.

         Жаңа Қазақстан өз  Көшбасшысы  Н.А. Назарбаевпен үндестік тапты. Концерттік бағдарламаның соңғы бөлімінде хордың орындауындағы  «Елім менің» әні  бүкіл залды қамтыды.

         Мазмұнды да тартымды бағдарлама  көрермендер жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімін тудырды,  іс-шара    «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» 10 жылдық мерейтойына  орай  ДББҰ –ның ұстаздарды мерекелік  медаль және  төсбелгісімен  марапаттаумен аяқталды. 

Похожее