Өрт сөндірді

10.01.2019

2019 жылдың 09 қаңтарында сағат түнгі 01.00 шамасында «Бекет-5» станционарлық бекетіне тәуліктік кезекшілікке түскен Өскемен қ. ПБ жол-патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары полиция кіші лейтенанты Абдолданов Бекарыс пен полиция аға лейтенанты Мисин Дидар қарамағындағы аумақты патрульдеу барысында 45-дәріхана шағын ауданындағы жер асты жолынан түтін шығып жатқанын байқап қалады.

 Дереу оқиға орнына жүгірген полицейлер жер асты жолының сатымен көтерілер тұсындағы бұрышта жанып жатқан өрттің үстінен шығады. Еш ойланбастан өртті сөндіруді жоспарлаған екі инспектор дереу «102» арнасына болған жайды баяндап, өрт сөндіру қызметін де хабарлар етеді. Өрт сөндірушілерді күтпестен сол маңда орналасқан қоқыс салатын ыдыстарды босатып жіберіп, сол ыдыстармен қар тасып, өртті сөндіріп үлгереді.

Қызметке келгеніне аз уақыт болса да өзінің күнделікті жұмысын жауапкершілікпен атқарып жүрген Абдолданов Бекарыс пен құқық қорғау саласында 3-4 жылдың ішінде тәжірибе жинақтап үлгерген Мисин Дидар бұл атқарған батыл қимылдарын ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде лауазымдық міндеттері деп санайды. Қоғамдық тәртіп күзетін абыроймен атқаратын азаматтар арамызда көп болсын деп тілейміз.

Похожее

Мүгедектер үшін кедергісіз орта мәселелері қаралды.
Мүгедектер үшін кедергісіз орта мәселелері қаралды.

21.01.2019 09:14

Қалалық мәслихат депутаттары мүмкіндігі шектеулі...

Рассмотрели вопросы безбарьерной среды для инвалидов.
Рассмотрели вопросы безбарьерной среды для инвалидов.

21.01.2019 09:14

Депутаты городского маслихата рассмотрели вопросы...

Рассмотрены вопросы развития массового спорта и туризма.
Рассмотрены вопросы развития массового спорта и туризма.

21.01.2019 09:13

Депутаты городского маслихата на заседании...

Есть такое мнение...
Есть такое мнение...

20.01.2019 23:17

Вопрос загрязнения атмосферного воздуха...