Өскемен қаласында міндетті медициналық сақтандыруға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

18.07.2017

Бұл туралы қала әкімі Қуат Тұмабаев тікелей эфир кезінде мәлімдеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша халық арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстырын ұйымдастыру үшін қала әкімінің орынбасары төрағалығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚРЗ енгізу мәселелерін түсіндіру бойынша қалалық штаб құрылып, оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар кірген.

Штабтың мәжілісінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстырын ұйымдастыру және жүргізу бойынша мәселелер талқылануда.

ЖТМДБ-да (жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы) тіркелген, елдің  барлық халқының (ЖСН бойынша) толық салыстыру жүргізгеннен кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен және өзге мемлекеттік органдардан ақпараттық жүйеде жазылмаған азаматтар анықталды. Өскемен қаласы бойынша олардың саны 104 мың адамды құрайды.

2017 жылғы 6 сәуірден халықтың аталған тобының мәртебесін анықтау бойынша жұмыстар басталды.

«Қазіргі таңда 103905 адамның мәртебесі анықталды. Қамту үлесі 99,86 %. Жұмыспен қамту орталығы өзінің құзіреттілігі шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жұмыссыздарға кеңес беруде. Жұмыспен қамту орталығының мамандары ХҚКО-тарында орналасты, сонымен қатар халыққа кеңестік қызметтер көрсетеді», - деп атап өтті Қуат Тұмабаев.

Фото: Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Похожее