Өскемен қаласының №2 сотының м.а. Т.Алимханов «Гранит науки-2019» конкурсы комиссиясының құрамына кірді

12.04.2019

Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу корпусында «Гранит науки-2019» ғылыми жоба конкурсы өткізілді.

Байқаудың мақсаты-университет студенттерінің, магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету және ынталандыру.

Қорғаушылар әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы өз жобаларын қорғады.

Барлығы студенттердің және магистранттардың «Қаржы», «Физика», «Құқықтану», «Туризм», «Экономика», «Тарих», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қазақ тілі және әдебиет», «Филология: орыс филологиясы» сияқты 19 жұмыстары ұсынылды.

Ғылыми жобаларды құрамына ШҚМУ Ғылыми жұмыс және халақаралық байланыстар жөніндегі Департамент қызметкерлері, Д.Серикбаева атындағы ШҚМТУ оқытушылары, Өскемен қаласының №2 сотының м.а. Тельман Алимханов кірген Конкурстық комиссия бағалады.

Конкурс нәтижелері 12 сәуірде Ғылым және шығармашылық апталығының қорытындысын өткізуге арналған іс-шарада жарияланады.

Похожее