«Ұлы Дала Eліне саяхат»

26.09.2018

«Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберінде өтіп жатқан «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция бүгін тарихы терең Тараз қаласына келіп жетті. Экспедиция тобы 17 қыркүйекте Алматы қаласынан шыққанын естеріңізге сала кетейік.
13 күнде қатысушылар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарына барып қайтатын болады.
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің тапсырысы бойынша экспедицияны ұйымдастырушы «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы. «Жаңа Жібек жолы» экспедициясының бағытын «QazaqGeography» Республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.
Экспедиция құрамы тәжірибелі саяхатшылардан, туроператор өкілдері мен шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлерден, сондай-ақ «National Geographic Россия» командасынан құралған.
Экспедицияның алғашқы күндері Алматы облысында өтті. Қатысушылар Қазақстан-Қытай шекарасында болып, Қорғас бекетіне барар жолда Жаркенттегі ерекше мешітке соқты. Бұл мешіт бірде бір шегесіз, Тянь-Шань шыршасынан салынған. Ары қарай  экспедиция мүшелері Қазақстандағы ең көрікті жерлердің бірі – Көлсайға барып, оның сұлу көлдері мен Қайыңды көлін тамашалады.
Ары қарай экспедиция Ақтау тауына, Айғайқұмға, Шоқан Уәлиханов бұлағына, Талхиз қалашығына барып, соңынан Алматы қаласының көрікті жерлері: «Медеу» мұзайдынын, «Шымбұлақ» ТШК мен Үлкен Алматы көлін көрді. Сондай-ақ саяхатшылар Алматы облысында ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының нысаны болып табылатын Тамғалы шатқалына барып қайтты.
Бүгін экспедиция қатысушылары Ежелгі Тараздың екі мың жылдық тарихымен танысты. Ерте кезден бері Ұлы Жібек жолының бойында тұрғандықтан бұл қаланың маңызы өте жоғары болған. Бұл - көпестер мен қолөнершілердің қаласы, мұнда Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдары тоғысқан. Әртүрлі әміршілер басып алған кезде, қала бірнеше рет бұзылып, қалпына келтірілген. Қазіргі Тараздың маңында тарихи оқиғалардың куәсі болған ескерткіштер өте көп, олар: Қарахан мен Дәуітбек кесенелері, әміршілердің сарайлары, ежелгі архитектураның ерекше туындылары – Бабажы қатын және Айша бибі кесенелері, Тектұрмас кешені, Ақыртас қалашығы, Қали Жүніс моншасы, қала орнына тұрғызылған «Ежелгі Тараз» археологиялық саябағы және тағы басқалары. Бабажы қатын мен Айша бибі кесенелері ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының тізіміне кіреді.
Тараз қаласынан 40 шақырым жердегі Ақыртас қалашығы әрбір археолог, саяхатшы, тағы басқа да білімқұмар жандар үшін өте қызық екені сөзсіз. Бұл өте үлкен тастардан салынған, құрылысы ерекше орын. Ортасы үш шаршы шақырымды құрайтын көне сарай.
 «Тарихы терең қаламыз бүгінде мәдени және тарихи ескерткіштерге бай, олар туралы аңыздар шетелдерде де аса танымал. Бұл факт осы аймақтың туристік әлеуетіне ықпал ететіні сөзсіз. Археологтар жыл сайын Тараз маңынан әртүрлі бұйымдар мен жәдігерлерді тауып алады, олар жергілікті мұражайларда сақтаулы. Біз, өз тарапымыздан инфрақұрылымды дамытуға, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жайлы жағдай жасау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Тараз қаласының әкімі орынбасары Ермек Қарабаев.  
Тараздың және оның айналасының көрікті жерлерін көріп болған соң, жоба қатысушылары Жамбыл және Түркістан облыстарының аумағында орналасқан, Орта Азия мен Қазақстандағы ең ескі қорықтардың бірі Ақсу-Жабағылыға бет алады.
Ары қарай олар Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік-шығысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына барып, сол жерден теңіз деңгейінен 2350 метр биікте орналасқан Сайрамсу көлін көріп қайтады. Сондай-ақ қатысушылар Түркістан облысының аумағындағы Отырар қаласы, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Сауран қаласы мен басқа да нысандар тәрізді археологиялық және табиғи ескерткіштерге барады

Похожее

Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов
Турция стоимость всех туров переводит в евро и разнопланово повышает стоимость турпакетов

01.03.2019 09:26

В Казахстане, как и во многих странах мира в спешном...

Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%
Бронируя заранее можно приобрести туры со скидкой до 60%

20.02.2019 09:28

Что такое раннее бронирование и какие новые...

Какие опасности и риски таят в себе авторские туры
Какие опасности и риски таят в себе авторские туры

08.02.2019 10:01

Что такое авторские туры? В чем их особенность,...

Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр
Авторлық турлардың артында қандай қауіп-қатерлер мен тәуекелдер тұр

08.02.2019 10:00

Авторлық турлар дегеніміз не? Олардың ерекшелігі...