Медиация (каз)

Медиация институтын дамыту бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының басымдықтарының бірі болып отыр. Бұл бағыттың табысты жұмыс істеуі үшін қоғамдық медиаторлар даярланды, Достық үйлерінің, Қоғамдық келісім орталықтарының жанынан ашылған 17 медиация кабинеті мен орталығы жұмыс істейді. Бұл жұмысқа Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер тартылған. Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Шығыс Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдарының Қауымдастығы өңірде медиация және этносаралық қатынастар - этномедиациялар бойынша бірқатар семинарлар мен тренингтер өткізді. Қатысушылар үшінші, бейтарап, жанжалға мүдделі емес тараптың қатысуымен дауларды баламалы реттеудің осы нысаны туралы жаңа білім алды.

Похожее

Комментарии