«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы

26.05.2020

2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.   

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

         Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші "Атамекен" ӨКП - не немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына оны оқудан өту үшін топқа қабылдауды өтінеді.

Сонымен қатар, үміткер өз бетінше сілтеме бойынша онлайн-өтінімді қалыптастыра алады https://atameken.co/ru/course-bastau жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдаманы жүктеумен.

Оқытудың нақты орны мен уақыты туралы толық ақпарат алу үшін Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет.

 

 

Аудан

Мекен-жай

Телефон

1.

Абай ауданы

Қарауыл а., Мамай к-сі, 13  

8 (72-252) 9-12-43

2.

Аягөз ауданы

 

Аягөз қ., Абай Бульвар к-сі, 7

8 (72-237) 3-33-66

3.

Бесқарағай ауданы

 

Бесқарағай а., Сейфуллин к-сі, 106

8 (72-236)7-90-61

4.

Бородулиха ауданы

 

Бородулиха а., Тәуелсіздік к-сі, 73

8 (72-351)2-18-36

5.

Глубокое ауданы

Глубокое к., Пирогов к-сі 30

8 (72-331)2-14-67

6.

Жарма ауданы

 

Қалбатау қ., Мұсылманқұлов к-сі 62

8 (72-347)7-90-54

7.

Зайсан ауданы

 

Зайсан қ., Баязит Сатпаев к-сі 27 В

8 (72-340)7-90-23

8.

Алтай ауданы

 

Алтай қ., Тәуелсіздік к-сі 30/1

8 (72-335)6-31-00

9.

Катон-Қарағай ауданы

 

Үлкен Нары а., Абай к-сі, 2А

8 (72-341)2-14-05

10.

Көкпекті ауданы

 

Көкпекті а., Аблайхан к-сі, 19

8 (72-348)2-21-23

11.

Күршім ауданы

 

Күршім а., Бунтовских к-сі 19

8 (72-339)2-10-03

12.

Тарбағатай ауданы

 

Ақсуат а., Абылайхан к-сі,

8 (72-346)2-24-00

13.

Ұлан ауданы

 

Қасым Қайсенов к., З. Ахметов к-сі,12-1/1

8 (72-338)5-04-77

14.

Ұрджар ауданы

Ұрджар а., Абылай-Хан д-лы, 142/2

8 (72-230)3-23-25

15.

 

Шемонаиха ауданы

Шемонаиха қ. Повстанческая к-сі, 61

 

16.

Риддер қ.

Гагарин д-лы, 6

8 (72-336)4-04-32

17.

Курчатов қ.

Абая к-сі,12-1/1

8 (72-251)79-101

18.

Семей қ.

Абай алаңы, 5А

8 (72-22) 56-28-67

19.

Өскемен қ.

Жеңіс д-лы, 6

8 (72-32) 74-21-07

Похожее