14.02.2019
Басқарма төрағасының орынбасары Асель Дыканбаева: «Компанияның ресми сайтындағы жеке кабинетті тұрақты түрде 8000 мыңға жуық біздің клиенттер пайдаланады. Пайдаланушылар өз төлемдерін бақылауға, ипотекалық қарыздар немесе жалға алу шарттары бойынша өтеу тарихын көруге, сондай-ақ ҚИК және ПИК-пен байланыста болуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінгі күні барлық аталған функциялар мобильдік қосымша арқылы қолжетімді болып отыр. Клиент барлық өзіне қажетті ақпаратты бір шертумен қоңыраусыз, кезексіз, офиске бармай-ақ, өтінішті толтырмай-ақ алады.»
Ыңғайлы интерфейс төлемдердің тарихы мен кестесін, төлем сомасы мен мерзімі өткен қарызды, сонымен бірге шотта қалған қаражатты қарауға мүмкіндік береді. Қосымшада шұғыл төлем жүргізу үшін банк-серіктестерден online-банкинг қызметтеріне сілтеме бар.
Басқарма төрағасының орынбасары Айсултан Акчурин: «Бүгінгі таңда ҚИК-тың портфелінде 1 миллионнан астам тұрғын үй шаршы метрі – ол бүкіл Қазақстан бойынша 18 000 мыңға жуық жалға берілетін пәтерлер; 80 басқарушы компаниялар қызмет көрсететін 100-ден аса нысандар. Біз үшін ҚИК, ПИК және клиенттер арасындағы процестерді автоматтандыру басым міндет болып табылады. 2019 жылдың аяғына дейін мобильдік қосымша арқылы барлық сервис қызметінің субъектілерін жұмысқа қосуды жоспарлап отырмыз.»
Клиенттер жеке кабинет арқылы өтінім мен ұсыныстарын жібере алады, ПИК-тің есептері мен жұмыс жоспарларын көре алады, дауыс беру мен сауалнамаға қатыса алады. Өз кезегінде қосымша басқарушы компаниялардың қызметкерлеріне нақты уақыт режимінде тұрғындар өтінімдерін көруге, орындаушыны тағайындауға, клиенттерге хабарлама жіберуге мүмкіндік береді, ал Компанияның кіріс өтінімдер мен ПИК тарапынан оларды орындау статистикасын қадағалауға, олардың жұмыс рейтингісін құруға мүмкіндігі болады.
Қосымша iOS және Android операциялық жүйелер базасында жұмыс істейтін құрылғыларға арналған, App Store мен Play Market қосымшаларына тегін көшіру үшін қолжетімді.
Похожее
14.05.2024 11:38
Конкурс проходил на портале электронных закупок АО...