14.02.2019
EQUAL-SALARY сертификаты швейцариялық коммерциялық емес ұйым болып табылатын EQUAL-SALARY (ESF) қоры және бұл сертификация процесінде эксклюзивті серіктес қызметін атқаратын PwC халықаралық аудиторлық компания тарапынан беріледі.
Сертификация процесі PwC компаниясы өкілдерінің еңбекақы туралы деректерді жинау мен оларға талдау жүргізуден және қызметкерлер құрамын басқару бөлімдерінің ережелері мен тәжірибелерін зерттеуді, еңбекке ақы төлеуде гендерлік теңдікті ұстануды тексеру мақсатында компания басшылығымен әңгімелесуді, онлайн сауалнаманы, сондай-ақ, ФМҚ-ның кездейсоқ таңдалған жұмыскерлері арасында қысқа жеке және топтық сұхбаттарды қамтитын көшпелі сыртқы аудитінен тұрады. Еңбекке әділ ақы төлеу тәжірибелерін тексерудің барлық осы кезеңдерінен өткен соң ғана, ФМҚ «EQUAL-SALARY» сертификатын ала алды.
«Біз «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің жұмыскерлерге бірдей еңбек жағдайларын және кәсіби дамуды қамтамасыз етудегі күшін халықаралық тұрғыдан мойындалғанын мақтан тұтамыз. Адамдар – компанияның басты құндылығы болып табылады. Барлық ішкі саясаттар мен бағдарламалар адам құқықтарын сақтау қағидаларына және компания жұмыскерлерінің еңбек құқықтарына толық жауап беру үшін, ішкі процестерімізді жақсартуды жалғастырамыз», - деп атап өтті ФМҚ қызметкерлерді басқару директоры Алтынай Тезекова.
Түрлі зерттеулердің деректеріне сәйкес, бүкіл әлем бойынша ер адамдарға қарағанда, әйел адамдар орта есеппен 16,1%-ға азырақ ақша табады. Алайда, бұл айырмашылық жыл сайын азаюда. Өз кезегінде, Қазақстанның іскерлік әйелдер қауымдастығының деректері бойынша, Қазақстанда ер мен әйел адамдардың еңбекақысы арасындағы айырмашылық ер адамдардың пайдасына 33%-ды құрайды.
Гендерлік ұстанымға қарамастан, еңбекке ақы төлеудегі әділдікті бағалау үшін еңбекақыға жүргізілетін объективті талдау «EQUAL-SALARY» ұйымы тарапынан 2005 жылы енгізілген болатын. Бүгінгі таңда осындай сертификаттың болуы компанияның ұқсас лауазымдағы ер мен әйел адамдарға тең еңбекақы төлейтіндігіне кепілдік береді.
Регрессия әдісіне негізделген және еңбекке ақы төлеудегі кемсітушілікті анықтауға мүмкіндік беретін EQUAL-SALARY талдауының авторы - Ив Флюкигер (Женева университеті). EQUAL-SALARY сертификатының берілуі қатаң критерийлерге негізделген. Сертификациядан өтуге мүдде танытатын әрбір компания, қажетті ақпаратты осы қорға ұсынады. Содан кейін консультант ретінде сертификация процесіне қатысуға рұқсат етілген әлемдегі жалғыз компания болып табылатын PwC ұйымының аудиторлар тобы өтінім берушілерге барып, еңбекке бірдей ақы төлеу қағидаларына сәйкестігін бағалайды. PwC ұйымының оң пікірі негізінде, өтінім беруші EQUAL-SALARY сертификатын алады. Сертификат 3 жыл үшінде қолданылып, бұл кезең ішінде сертификатталған компаниялар екі бақылау шолуын ұсынуы тиіс.
EQUAL-SALARY жаһандық сертификация процесінен өткенде, жетекші ұйымдар гендерлік белгі бойынша одан да тепе-тең болатын тең құқықты қоғамды құру үшін елеулі күшін салады.
Сондай-ақ, 2019 жылдың басында ФМҚ қатарынан төртінші рет Үздік жұмыс берушілері институтының (Top Employer Institute – бұл қызметкерлер құрамын басқару саласында жоғары әлемдік стандарттарға сәйкестігін бағалайтын халықаралық сертификациялық ұйым) халықаралық марапатына ие болып, Top Employer Institute ұйымының бағалауы бойынша Қазақстанның 2019 жылғы үздік жұмыс берушілерінің бірі ретінде танылды. ФМҚ өз кадрларын дамытуға үшін қор бөлуді жалғастырып және 1993 жылдан бастап өз қызметкерлерін кәсіби дамытуға 16 миллионнан астам АҚШ долларын бөлген болатын.
Қосымша ақпарат.
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (ФМҚ): Филип Моррис Интернэшнлдың Қазақстандағы еншілес компаниясы, оның ел аумағында қызмет ету тарихы 1993 жылы «Алматы Темекі Компаниясы» АҚ сатып алудан басталған. ФМҚ-ның Алматы облысында орналасқан заманауи фабрикасы бар. Бүгінгі таңда компания Қазақстан аумағында сатылып қана қоймай, Орталық Азияның өзге де елдеріне экспортқа шығарылатын танымал халықаралық брендтердің кең сұрыпталымын өндіреді. 2016 жылдың желтоқсанында ФМҚ Қазақстанда тұңғыш рет IQOS инновационды темекі қыздыру жүйесін ұсынды.
Похожее
14.05.2024 11:38
Конкурс проходил на портале электронных закупок АО...