25.09.2019
11-12 қазанда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында жеңіске жеткен Шығыс Қазақстан кәсіпорындары байқаудың республикалық деңгейіне Нұр-Сұлтан қаласына барады, онда ең сапалы өнім шығаратын елдің жетекші компаниялары анықталады
«Қазақстанның үздік тауары-2019» республикалық көрме-байқауы «Көрме» орталығында жәрмеңке түрінде өтеді. Оған әр өңірден тоғыздан жеңімпаз кәсіпорындар келеді – барлығы 153 кәсіпорын. Көрме-байқау қорытындысы бойынша, сараптамалық топ 27 үздік компанияны іріктейді, ал 15-25 қазан аралығында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында қазақстандықтар ұнаған қатысушылар пайдасына өз дауыстарын онлайн бере алады.
Халық дауыс беруінің қорытындысы жасалып, құжаттар тексерілген соң республикалық байқаудың 9 жеңімпазы 3 аталым бойынша жарияланады.
Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 5 шілдесінде Шығыс Қазақстанда өңірлік көрме-байқаудың қорытындысы бойынша үздік компаниялар анықталды:
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кезеңде жеңіске жеткен кәсіпорындарға сәттілік тілеп, Шығыс Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастығы мен тұрғындарға жерлестеріне белгіленген уақыт аралығында atameken.kz сайтында дауыс беруге шақырады.
Похожее
17.04.2024 21:32
Работы нужно будет выполнять до конца нынешнего...
15.04.2024 19:50
Только штрафовать нужно не предприятие, которому...
15.04.2024 19:48
Скорее всего, именно такие радикальные меры и...