Бесқарағай студенттері жаңа аграрлық мамандықтар үйренуде

09.02.2019

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапары барысында аграрлық секторда сұранысқа ие мамандықтарды оқытатын Бесқарағай колледжінде болды.

Колледжде тракторист-машинист, ауыл шаруашылығы машиналары мен автокөлікті жөндеу шебері, жүргізуші, орманшы, ландшафтық дизайнды көгалдандыру, орман шебері  мамандықтары бойынша 140-тан астам студент білім алады. Соңғы 2 жылда студенттер саны екі есеге артқан болатын. Бұл мамандықтардың жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

- Біз үлкен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіздік. Орман шебері сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Облыс әкімінің гранттық қолдауының арқасында аудан игілігі үшін жұмыс жасайтын жастарды оқытуға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, ауданда орналасқан "Семей орманы" орман шаруашылығымен тығыз жұмыс жасау дамыз, – деді Бесқарағай колледжінің директоры Раим Нұрғалиев.

Колледж студенттері аймақ басшысына өз жобаларын таныстырды. Ландшафтық дизайн оқушылары Жастар жылы аясында Шошқалы көлінің демалыс аймағын абаттандыру бойынша жоба әзірлеген.

Колледж базасында оқушаруашылығын ашу жоспарлануда. Онда мамандар асыл тұқымды малөсірумен айналыспақ. Болашақ шаруашылықтың жұмыс үлгісін студенттер дайындады.

Похожее