«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсының

17.11.2018

Өткізілетін уақыты: 19-23 қараша 2018 жыл. Өткізілетін орны: Көкшетау қаласы, Сатпаев к.1 Облыстық әкімшілік ғимараты. Уақыты: сағат 9.00-12.40 және 14.00-16.00 аралығында өтеді (12.40-14.00 түскі ас). Ұйымдастырушылар: «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі.

Курстың мазмұны: 2018 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын жүргізуде.
Төртінші курс Көкшетау қаласында болады. Аталмыш іс-шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді.
Курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа құрылған және 5 күн жүргізіледі. Бағдарламаның негізгі жетістігі - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық біліммен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталуында.
Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді. 
Оқу бағдарламасын толық меңгерген ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері келешекте халықпен нәтижелі және сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады және экстремистік ағымдарға қарсы тұра алатын АТТ мәртебесін айтарлықтай көтере алады.
Қатысушыларға Қазақстан тарихы және мәдениеті, саясаттану, дінтану, Ислам негіздері, Православтық Христиандықтың негіздері, Қазақстандағы протестантизм және оның жаңа ағымдары, психология пәндерінен дәрістер оқылып, шешендік өнер негіздері, блогерлік жұмыстардың ерекшеліктері туралы баяндалады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +77773383691 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru

Похожее