Nur Otan ШҚО-дағы Абай ауданын 100% таза ауыз сумен қамтуды көздеп отыр

03.01.2021

Партиялықтар өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырШығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сайлауалды штабының төрағасы Қайырғазы Нұрлыбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасы аясында ауданда атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін Абай ауданының Қарауыл, Кеңгірбай би, Архат және Қасқабұлақ ауылдарында су құбыры желілерін кезең кезеңмен қайта жаңарту мәселесін қолға алды, сонымен бірге халық саны аз Орда және Бөрілі елдімекендерінде су тазартудың блоктік-модульдік станцияларын орнату арқылы аудан тұрғындарын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етпек. Бұл жаңалық жергілікті жұртты қуантты.

«Біз тағдыр сынағына ілініп, Ауған соғысының зұлматын өз көзімізбен көріп, тәнімізбен сезіндік. Бір тамшы су, бір тілім нанның қадырін түсіндік. Әсіресе, соғыссыз бейбіт аспан астында өмір сүру адам баласы үшін қаншалықты бақыт екенін ұғындық. Осы берекелі де мерекелі заманға жетуге бағдаршы болған «Nur Otan» партиясына алғысым шексіз! «Су өмір көзі» деген нақыл сөз бар. Майдан шебінде жүріп, бір тамшы суға зар болған біздей жандар үшін мыңдаған тұрғындарды таза ауыз сумен жүз пайызға қамтамасыз етуді мақсат еткен «Nur Otan» партиясына үлкен жетістіктер мен сәттілік тілеймін! Ел қамын ойлап, қажырлы еңбек атқарып жүрген «Nur Otan» партиясына алда келе жатқан сайлауда қолдау білдіріп, дауыс беруге баршаңызды шақырамын! – деді Ауған соғысының ардагері Нұрбек Құлшыбеков.

 

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Похожее