ШҚО-да студенттер онлайн режимде іс-тәжірибеден өтіп жатыр

29.04.2020

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің барлық студенті канвасс платформасы бойынша қашықтықтан білім алуда. Бұл Білім және ғылым министрлігінің 108 және кейінгі шыққан 123 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда.

Колледж директоры Фархад Құрмановтың айтуынша, іштей бөлімде 1138 студент оқиды.

-        Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу барысында бірқатар қиындық туындады. Алайда мұның бәрі уақыт өте келе шешімін тапты, - деді Фархад Құрманов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі 15 студентке бір жылдық абонементі бар роутерлерді тегін таратты. Олардың дені әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жетім балалар екенін атап өткен орынды. Бұдан бөлек интернет желісі нашар жерде тұратын колледждің 19 студентіне флешкамен ақпараттар жіберіледі.

-        Ұстаздар қауымы қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу барысында 100-ге жуық видео сабақ дайындады. Оны біздің колледждің ютуб каналынан көруге болады. Сонымен қатар колледждің ресми сайтында канвасс платформасына енгізілмеген электронды кітаптар қойылған. Бұл өз кезегінде студенттердің сапалы білім алуы үшін жасалуда, - деді Фархад Құрманов.

Бүгінде аталмыш колледждің 2-3 курс студенттері іс-тәжірибеден онлайн режимде өтіп жатқанын айта кеткен орынды.

Похожее