ШҚО-да үздік әскери қызметкерлер марапатталды

06.05.2017

Офицерлерге «Ұлттық Ұланға 25 жыл», «Ұлттық Ұланның үздігі» төсбелгілері, алғыс хаттар тапсырылды.

Өскеменде «Отан қорғаушылар» және «Жеңіс күні» мерекелері қарсаңында салтанатты шара өтіп, қызметте жоғары жетістікке жеткен бірқатар офицерлер мен сарбаздар марапатталды, деп хабарлайды 16news.kz  

ҚР Ұлттық Ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімі өткізген шараға 500-ден астам әскери қызметкерлер мен олардың туған туыстары қатысты. Бірқатар офицерге «Ұлттық Ұланға 25 жыл», «Ұлттық Ұланның үздігі» төсбелгілері, алғыс хаттар тапсырылды. Бөлім басшылығы ұзақ жылдар бойы Өңірлік қолбасшылық сапында қызмет еткен ардагерлерді де көңілден тыс қалдырмаған.

 «Ұлы Отан соғысы жылдарында Шығыс Қазақстаннан 90 мыңға жуық ер-азаматтар шайқас алаңына аттандырылды. Отан үшін от кешіп, майдан даласында елі үшін шайқасқан батырлар қазірде қазақ жастарына ерлік пен қайсарлықтың үлгісі болып келеді. Тәуелсіздік жылдарында елімізде құрылғын Ұлттық Ұланның сапынан да бірнеше сарбаздар мен офицерлер ерлігімен көзге түсті», – деді ҚР Ұлттық Ұлан «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешов. 

Фото:365info.kz

Похожее