ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

11.11.2019

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті, онда мемлекеттік жер қатынастары саласында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарының заңдылығы мен тиімділігі қаралды.

 

Жерді тиімді пайдалану мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында. 2015 жылы прокуратура органдары осы салада жүздеген бұзушылықтарды анықтады. Уәкілетті органдардың алдына оларды жою бойынша нақты міндеттер қойылды. Әкімдіктермен бірлесіп, пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және алу бойынша Жол Картасы әзірленді. 2018 жылы заңнамадағы өзгерістерді ескеріп, жаңа алгоритм дайындалып, жұмыс тобы құрылды.

 

Бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тек соңғы 2 жылда мемлекетке бағасы 4 млрд.теңге құрайтын 261 мың гектар жер қайтарылды. Ауыл шаруашылығының игерілмеген жерлеріне салық салу мәселесі шешілді. Ыждахатсыз лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту тетігі әзірленді. Пайдаланылмайтын жерлерді мәжбүрлеп алу бойынша сот тәжірибесі белгіленді.

 

Сонымен қатар, отырыс кезінде көтерілген бірнеше өзекті мәселелер туындады. Облыс прокуратурасының мәліметтері бойынша облыста ауыл шаруашылығының 1 млн.гектар жері пайдаланылмайды. Мысалы, Аягөз ауданының Малкелді ауылдық округінде 56 мың гектар жердің иелері - 10 шаруашылық қожалықтары жұмыс істемейді. Ал, Тарбағатай ауданында 240 адамның иелігіндегі 34 мың гектар жер анықталған, олардың көбісі қайтыс болған деп есептеледі немесе ауданнан тыс жерлерге көшіп кеткен.

 

Бұдан басқа, кейбір жағдайларда жер пайдаланушылар инфрақұрылымның жоқтығына байланысты жерлерді игере алмайды. Бірінші кезекте, бұл жеке тұрғын құрылысына берілетін учаскелерге қатысты. Мысалы, Риддер мен Зайсан қалаларында осы себеппен 132 учаске игерілмеген, Өскемен қаласында 6 мың жер учаскесінен 4 мыңы бос қалуда. Жүйелердің міндетті құрылысы жергілікті атқарушы органарына жүктелген.

 

Талдау барысында су белдеулері мен су аумақтарын қорғау режимінің 65 нысаны бойынша бұзушылықтар, сондай-ақ, жерге құқық алу кезінде, заңды айналу схемасы да анықталған. Мысалы, Өскемен, Семей, және Риддер қалаларында азаматтар жерді рәсімдемей, өз бетімен құрылыс нысандарын салуда.

 

Отырыста жер қойнауын пайдалану да мәселелері атап өтілді. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін пайдаланылатын жерлердің жағдайлары да алаңдатады. Жер

қойнауын пайдаланумен байланысты кез келген қызмет барысында жердің үстіңгі топырағының құнарлы қабаты сыдырылып алынады, жердің рельефі бұзылып, жердің бүлінуіне әкеп соғады. Бірақ, кейіннен, осындай жерлердің құнарлы қабатын қалпына келтіру бойынша жұмыстар мүлде жүргізілмейді. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жағдайлары да күрделі. Сонымен қатар, ТҚҚ орналастыру жерлерінің тек 8% барлық қажетті құжаттары бар. Қалғандары – ауылдардың қоқыс үйінділері.

 

Баяндамаларды тыңдап, облыс прокуроры жұмыс топтарының қызметін ширатуын тапсырып, бірқатар нақты мәселелерге тоқталып өтті. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою және топырақ құнарлығын қалпына келтіру үшін аяқталған және тоқтатылған келісімшарттарға түгендеу жүргізу ұсынылды. Су белдеулері мен су қорғау аумақтарында бұзушылықтарды жою бойынша алгоритмді әзірлеп, қалалар мен аудандарда жерлерді сату бойынша аукциондар мен конкурстарды өткізуге қосымша бюджеттік қаражатты бөлу мәселесі қарастыру тапсырылды.

 

Бұдан басқа, тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондарды санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкестендіру бойынша шаралар қабылданған. Сондай-ақ, жер заңнамасына өзгерістер енгізу жөнінде хаттар дайындалуда.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Похожее