Шалғай ауылдардағы жеңілдігі бар балаларды қажеттіліктерімен қалай қамтамасыз етуге болады

10.11.2019

«АӘК туралы мынадай мәселе туындайды. Мысалы, шалғай ауылда кедей көпбалалы отбасы тұрады, онда кішкентай балалар, сәбилер бар. Олар ақшаны АӘК аясында алады, бірақ,  балалар тағамы, онда бала күтіміне арналған арнайы құралдар болмауы мүмкін, бұл өте маңызды мәселе.
Мұның бәрі ең жақын аудан орталығында бар делік, бірақ ол шартты түрде 200 шақырым жерде. Осы орайда балаларға арналған әлеуметтік карталарды ұсынған дұрыс, мысалы, жергілікті ҮЕҰ немесе Қазпошта арқылы барлық осы заттар сатып алынып, шалғайдағы елді мекендерге жеткізіледі. Мұндай карталар бірқатар облыстарда енгізілуде. Қазпоштада бүкіл ел бойынша, ең алыс ауылдарда филиалдары, терминалдары бар, сәлемдемелер жүйесі ретке келтірілген және жақсы жұмыс істейді.
Біріншіден, бұл адамдар үшін ыңғайлы болады. Екіншіден, әлеуметтік карта арқылы біз бұның бәрін атаулы түрде рәсімдей  аламыз, сонда мемлекет бөлетін қаражат нақты балаларға және олардың қажеттіліктеріне жетеді. Сіз басқа жастағы балаларға арналған киім-кешек пен өзге де керек-жарақтар туралы ойлана аласыз».

Похожее