Шығыс Қазақстан облысында 600 жуық мемлекеттік қызметшілер тұрғын үй кезегінде заңсыз тұрған.

17.11.2019

Барлығы облыс бойынша коммуналдық қордан пәтер алуға 19 605 адам мұқтаж. Олар жетімдер, халықтың қауқарсыз тобы және мемлекеттік қызметшілер. Осы жылы кезекте тұрғандарға 360 пәтер берілген.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы тұрғын үй кезегіндегі тұлғаларды тексеру кезінде 600 жуық мемлекеттік және бюджеттік саладағы қызметшілердің тұрғын үй кезегінде заңсыз есепте тұрғанын анықтаған.

Атап айтқанда, олардың 6 тұрақты мекенжайға басқа елдерге көшіп кеткені, 164 тұлғаның тұрақты тіркеуі болмағаны, 107 тұлғаның меншігінде жеке үйлері болғаны, 283 тұлға басқа облыстарда тұрып жатқаны анықталды. Мысалы, прокуратура қызметкерлері үй кезегінде тұрған 1 мемлекеттік қызметкер 3 жылдан астам астанада тұратынын және мемлекеттік қызметте емес, ЖШС жұмыс істейтінін анықтады. Осыған қарамастан, ол әлі күнге дейін Өскеменде пәтер кезегінде тұрған.

Аталмыш мән-жайлар қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, осы тұлғаларды тізімнен алып тастау үшін негіз болып табылады. Сондықтан, қазіргі кезде облыс прокуратурасы бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесі де өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі кезде облыста «Мүгедек балалары бар отбасылар» санатындағы тұрғын үйге мұқтаж 761 отбасы есепте тұрады. Оның 47 отбасында балалар кәмелеттік жасына толған. Заңнама нормаларының жоқтығына байланысты осындай отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 18 жасқа толған тұлғалар қайталап есепке тұруы тиіс.

Бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін құру мақсатында, облыс прокуратурасы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің құрылыс және ТКШ істері Комитетін хабардар етті.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Похожее