Шығыс Қазақстан облысында «Ата-ана бақылауы» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланған

17.02.2023

    Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласының цифрландыру бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың бірі өңірдегі 20 медициналық мекемесін (75 бірлік медициналық құрылғы) қамти отырып, жасанды интеллект «PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылуда. Бұл құрылғы онкологиялық ауруларды, туберкулезді, пневмонияны (оның ішінде ковидті) ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. 2022 жылы 308 мыңнан астам зерттеу жүргізілді.

Өңірлік коммуникациялар алаңында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Рүстем Досқожа аймақта «Smart City» бастамаларын іске асыру туралы кеңірек айтып өтті. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы «Smart City» цифрлық бастамаларын енгізу бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді.

Мәселен, DamuMed платформасында қашықтықтан медициналық қызмет көрсету және тексеру хаттамалары мен зертханалық зерттеулерді көруге болатын қызметтер қосылған.

Сондай-ақ, Қоғамдық көлікте электронды билеттеу сәтті жүзеге асуда. Облыс орталығында жолаушылар «Oskemencard» бірыңғай төлем картасы арқылы жол ақысын төлей алады.  «Ақылды қала» жүйесін іске асырудың өзегі ШҚО Ведомствоаралық Бірыңғай Ахуалдық орталықтың жұмысы жайлы Рүстем мырза былай тоқталды. «Құрылымына «Сергек» жүйесі, «109» және «112» қызметтері және «ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығының» ақпараттық жүйесі кіреді. Облыс әкімінің Ахуалдық орталығында 11 өмір саласы бойынша ақпараттар ағымын 340-тан астам көрсеткіш, 61 кейс, 26 жүйеаралық интеграция бойынша бірыңғай Талдамалық платформаға біріктірді.  Тиімді талдауды қамтамасыз етіп, өңірдің бірқатар негізгі бағыттары бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдауда облыс басшылығына қолдау көрсету үшін тиімді талдаулар мен функцияларды қамтамасыз етеді.

Орталық базасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін пысықтау сапасын бақылауды арттыру мақсатында ШҚО әкімінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. 2022 жылы 38 685 өтініш тіркелді»,- деді ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы. Бүгінде облыс орталығында цифрландырудың ең маңызды бөлігі «Сергек» арқылы қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылау жүзеге асырылуда. Жолдар мен аулаларға 4 мыңға жуық бейнекамера орнатылып, қала аумағын толықтай дерлік қамтуды қамтамасыз етуде. Сондай-ақ «Диспетчерлік қызметтерді жедел басқару» кешенінің құрамына Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет - 112, ақпараттық-анықтамалық қызмет 109 кірді. 2022 жылы 219 725 қоңырау түсті, оның ішінде «112» арнасына – 189 163, «109» арнасына – 30 562. Қаланың интерактивті ақпаратын нақты уақыт режимінде алу үшін DigitalEast» super app жұмыс істейді, ол облыс орталығының тұрғындарын аса маңызды оқиғалар туралы хабардар етуге және өзекті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы «Digital East» мобильді қосымшасының функциялары бірыңғай жұмыс үшін «Ата-ана бақылауы» және «Белсенді азамат» бастамаларын іске асыру есебінен кеңейтілмек.

Сондай-ақ туристерді ақпаратпен қамтамасыз ету және қаланың туристік әлеуетін арттыру мақсатында интерактивті онлайн гид – «visiteast» мобильді қосымшасы іске қосылды.  Өскемен қаласы бойынша интерактивті онлайн гид жүйесіне 139 мекеме қосылған.

 Өскемендегі 55 білім ордасына баланың мектепке келген уақыты мен кеткені туралы ата-аналарды автоматты түрде хабардар ету үшін әзірленген қосымша бойынша «Ата-ана бақылауы» бастамасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жайлы брифинг барысында белгілі болды.

Биылғы жылы террористік тұрғыдан осал объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін басқару жүйесі бастамасының пилоттық жобасы енгізілмек. Онда 10 әлеуметтік білім беру және денсаулық сақтау нысандарында Ахуалдық орталықтың басқару пультіне сигнал беру арқылы өртті уақтылы және автоматты түрде анықтау мүмкін болмақ.

Ал алдағы уақытта қала халқына ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және телекоммуникация саласындағы сұранысқа ие көрсетілетін қызметтердің тізбесін талдағаннан кейін «I-Qala» жобасын енгізу қарастырылуда. «Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің тапсырмасы бойынша жоғарыда аталған бастамалардың қолға алынуы облыс орталығы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, қала қызметінің тиімділігін арттыруға және жайлы ортаны нығайтуға мүмкіндік береді»,- деп түйіндеді ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Рүстем Досқожа мырза.

Похожее