Сайлауалды штаб саяси науқанға сақадай сай

02.01.2021

"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Шолпан, Қарақол ауылдық тұрғындармен кездесу өткізді

Ағымдағы жылы ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Одан өзге президент өз сөзінде "Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады" , - деген еді.

Келер жылдың бас кезеңінде өтетін еліміздегі ең үлкен саяси науқанға "Nur Otan" партиясы ерекше дайындық жүргізіп жатыр. 2020 жылдың 11-ші желтоқсаны күні ШҚО, Үржар ауданында "Nur Otan" партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады.

Штаб құрамында партия ардагерлері, депутаттыққа үміткерлер және олардың сенімді өкілдері, белсенділер, жастар бар. 

Ағымдағы айдың 11-ші желтоқсанынан іске қосылған сайлауалды штабы Үржар ауданының 27-ауылдық округтерінде және елді - мекендерді үгіт - насихат жұмыстарын жүргізуде.

 

2020 жылдың 19-шы желтоқсаны күні "Nur Otan"  партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Шолпан, Қарақол ауылдық тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды.

Тұрғындармен кездесу барысында ауданның дамуы жайында ұтымды ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Похожее