Семейде Наурыз мерекесіне орай 5 мыңға жуық бауырсақ пісірілді

23.03.2019

Семей халқы Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуде. Мерекелік іс-шаралар қаланың бес бірдей алаңында өтіп, 20-ға жуық киіз үй орнатылды.

- Жаңару мен жасампаздық бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы болған Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Дана халқымыз бұл күні бір-біріне амандық тілеп, келер күнге зор үміт артқан. Жаңа күн елімізге тек жақсылық әкелсін, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Көктем мерекесі көркем ұжымдар дайындаған мерекелік концертпен басталды. Өнер ұжымдары өздерінің үздік нөмірлерін орындап, қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. Қала тұрғындары қойылым барысында бүркітшілер мен аңшылардың өнерің тамашалай алды.

Мереке барысында қала тұрғындары Наурыз көжеден дәм татып, 5 мыңға жуық бауырсақ тегін таратылды. Үлкен көлемдегі ұлттық қазақ тағамын 150 әже әзірлеген.

Түрлі-түсті от шашу және Ринго тобының қатысуымен өтетін мерекелік концерт бүгінгі кештің нүктесін қоймақ

Похожее