Тағдыр­­дың тауқыметіне ұшыра­ған жандарға көмек беру мақса­тын­да түзеу мекемесіне жол тартқан «Жан жылуы» бағдарламасы

29.03.2019

Бәлкім, туғандарынан алыс, темір тордың ар жағындағыларға аяқтарын шалыс басқандар үшін бұлда бір тәрбие, қолдау болады.....

Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/21 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған қыз-келіншектер  арасында  2019 жылдың  наурыз айында,     «Жан жылуы» – атты бағдарламамен Шығыс Қазақстан облысы, Жарма аудандық Прокуроры әділет кеңесшісі Бақытжан Абдімәжитұлы Мәмбетов пен Жарма аудандық прокуроры  Сағи Ораз Біржанұлы және прокуратура қызметкерлерімен,  ұйымдастырылған іс- шара Шығыс Қазақстан облысы, Жарма аудандық емханасының дәрігерлері, сотталғандардың  жағдайын жақсартуға (әлеуметтік салада психолог, әлеуметтік қызмет көрсету мамандары терапевт, лор, стамотолог, окулист, хирург, травмотолог, эндокринолог, психиатор, генеколог) мамандарының қабылдауы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шуақ ауылы ОВ-156/21 түзеу мекемесіндегі  жазасын өтеуші сотталған әйел азаматшаларына арнайы ұйымдастырылған еді.

      Бұл іс шараның маңызы жазасын өтеуші әйелдердің Жарма аудандық Прокуратура қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайтындығын білдіреді.

       Көктемнің алғашқы жылы күндерімен бұл өткен іс – шараға жазасын өтеуші сотталған азаматшалар қуанды.    

        Қалай дегенде де, темір тордын ар жағындағы  жандар бастарына түскен тағдыр талқысына мойымай,   қадамын шалыс басқан әйелдер үшін, бұндай іс шараның маңызы зор.

       Осындай іс шараларда жазасын өтеуші сотталған азаматшалар жан дүниесіндегі қаяу-тартқан,қайғы мұңын бір сәт ұмытып, жүректері қуанышқа бөленеді.

      Темір-тор-темір қоршаумен қоршалып түрса да, тағдырдын тәлкегіне түскен әйел адамдарға бөлінген көңіл мен созылған көмек қолы, олардың өмірге деген  көз-қарасын өзгеру мақсатында, қоғамға толық қанды тұлға ретінде оралуына көмегін тигізеді.  

    Сонымен қатар, түзеу мекемесінде сотталғандардың алған білімдерін әлеуметтік маңызды мақсаттарға жұмсауға мекеме қызметкерлерімен бірлесіп Прокуратура қызметкерлері оң бағыт -бағдар беріп отырады. 

    ОВ-156/21 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандардың жатын бөлмелері талапқа сай жабдықталып, кәріз жүйелері орталықтандырылған, ғимараттың ішіне кірмей жатып-ақ, есік алдындағы тазалық талапқа сай орнатылғанын көрген кезде Жарма аудандық Прокуратура қызметкерлері бұл мекемеде, жазасын өтеуші әйелдерге барлық жағдай жасалғанын, сотталғандарды жеке сұрақпен қабылдау кезінде, тексеріс барысында үнемі Жарма аудандық Прокуратура қызметкерлері назарда ұстайды.

     Сонымен қатар Жарма аудандық Прокуратура қызметкерлері мекеме тарапынан өткізілетін барлық мәдени, спорттық іс шараларға ат салысып, жазасын өтеуші азматшалардың мәдени-танымдық қажет­тілік­терін, қызығушылықтарын, сұрақтары мен қалауларын көңілден тыс қалдырмайды.

           Алла Тағала әркімге әр түрлі өмір, әрқилы тағдыр сыйлайды. Осы темір тордын ар жағындағы сотталған азаматшаларға Прокуратура қызметкерлері қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлуде. Бұл қыз- келіншектер біздің еліміздің- ертеңі деп айтсақ да болады.

       Осындай іс-шараны өткізіп жатқан Жарма аудандық Прокуратура  қызметкерлеріне  жазасын өтеуші сотталған әйелдердің алғыстары шексіз болды. Мерзімін өтеп жатқан әйелдердің жүректеріне жылулық ұялатқан осындай іс шаралар әркімге ой тастары анық.

     Мұндағы әр қыз келіншектердің болашағы ашық, жарқын болатынына сенгіміз келеді....

         Қайырымдылық  іс- шарасы «Жан жылуын» шуақ сыйлаған бағдар­ла­маның бірқатар кейіпкері келіп, жағ­дай­ларының оңалуына жәрдем берген жандарға шексіз алғыстарын жеткізді.

     Бәлкім, туғандарынан алыс, темір тордың ар жағындағыларға аяқтарын шалыс басқандар үшін бұлда бір тәрбие, қолдау болады.....

  

                                                                                     ОВ-156/21 мекемесінің

                                                                                     САӘПТЖБ бастығы

                                                                                     әділет майоры

                                                                                     Бастамий А.Р.

Похожее