Тапсырысты тегін жеткізіп береді

21.04.2020

Президенттің қаулысымен елімізде төтенше жағдай жарияланып, мейрамхана мен кафелердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Алайда шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысып бағуда. Соның бірі – Тимур Болатханұлы. Ол «Мейман» мейрамханасының директоры.
-        Облыста енгізілген шектеу шараларына сәйкес, қала тұрғындары үйден шықпай-ақ біздің мейрамханадағы тағамдарға тапсырыс бере алады. Жеткізу тегін. Тағамдар барлық санитарлық талапқа сәйкес әзірленеді. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Тапсырысты қаланың кез келген нүктесіне жеткізіп береміз, - деді Тимур Болатханұлы.
Айта кетейік, аталмыш мейрамханың басшылығы «Халифа Алтай» облыстық мешітімен бірлесе отырып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге, сондай-ақ жол жөндеушілерге тегін тамақ таратуды қолға алды. Күн сайын 40 порциядан беріледі.
-        Ел басына күн туған кезде, осылайша қолдау танытуды жөн деп шештік. Қорыта айтқанда, біз сіздер үшін қызмет етеміз. Сіздер біз үшін үйде болыңыздар, - деді Тимур Болатханұлы.

Похожее