Тұңғыш Президент күні

29.11.2019

Тұңғыш Президент күнінің мағынасы өте терең. Бұл күн - Елбасының еңбек жолына арналған мереке. Бүгін Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханада кітап және фотолар көрмесі өтті. Көрмеге Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшылығы атынан басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Марат Баяндинов және құқық қорғау органдарының қызметіне жаңадан келген жас қызметкерлер қатысты. Кітап көрмесінде Елбасына қатысты оның өмір жолдарына, белсенділігіне арналған кітаптар қойылды.

Фотокөрмеде Елбасының Тәуелсіздік алғаннан бері басқа елдерге барған сапарындағы фотолар көрсетілді. Кітапхананың әдебиет бөлімінің кітапханашылары Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы тарихи рөлі, оның балалық шағы мен жастық шағы, қол жеткізген жетістіктері жайлы толық ақпарат беріп, полиция қызметкерлеріне викториналық сұрақтар қойды.

- Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын, -деп өз тілегін білдірді жас полицей Раушан Қабылова.

 

 

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі

Похожее