11.09.2019
✅ Egov.kz порталынан көлік және коммуникациялар бөліміне өтіңіз;
✅ Жүргізуші кәулігін алу қызметін таңдаңыз;
✅ Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасын басыңыз;
✅Өтінішті толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз;
✅ Өтінімге jpeg форматындағы фотосурет пен қолтаңбаңыздың үлгісі бар парақтың скан көшірмесін қоса тіркеңіз;
✅Баж төлеу барысында мамандандырылған ХҚО орналасқан ауданға қарасты салық басқармасын таңдаңыз; Жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК құрайды.
✅Тиісті баж салығын төлеп, электронды чекті басып шығарыңыз.
Құжатыңыз дайын болған сәтте ХҚО-ға келіп келесі құжаттарды ұсынасыз:
☑жеке басты куәландыратын құжат;
☑басып шығарылған электронды өтініш;
☑ескі жүргізуші куәлігі;
☑мемлекеттік баж төлеу туралы басып шығарылған электронды чек.
Естеріңізге салайық, Өскемен қаласы бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету секторы осы жылдың 1 шілдесінде Сатпаев көшесі 34/2 мекенжайында ашылған.
«ХҚКО тұрғындарға әр алуан электронды қызмет түрлерін ұсынады. Ескеретін жағдай, алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін де мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару міндетті», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызмет маманы.
Айта кетейік, Өскемен қаласын тұрғындарына 2 айда көлік құралын тіркеуге қою және тіркеуден шығару қызметі бойынша 12298 қызмет, ал жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша 3922 қызмет түрі көрсетілген.
Похожее
25.04.2024 17:25
Он требовал опровергнуть озвученные о нём данные и...
25.04.2024 16:58
Судя по обвинительному заключению, преступный...
25.04.2024 16:57
...
11.04.2024 16:26
В честь Дня геолога на Бакырчикском...