Әдеп жөніндегі уәкілмен кездесті

23.09.2018

Шығыс Қазақстан облысы бойынша әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы Жарма ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, «ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы және әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру» тақырыбында семинар –кеңес өткізді.

Шараға өңірдің дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімшілігі мамандары, жауапты мемлекеттік қызметшілер қатысты. 

Күн тәртібіне сәйкес, Жарма ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Данияр Тоқанұлы Ақзамов қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы хабардар етті. Келесі сөз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы ел президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-тармағында әдеп жөніндегі өкілдің лауазымы туралы айта отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызметшілерді қорғауды қамтамасыз ету мәселесі туралы семинарға келген мамандарға қысқаша баяндама жасады. Қызметтік әдеп нормаларын енгізу жөніндегі жұмыстарды күшейту мақсатында облыс өңірлерінде арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. 
Семинарға жиналған сала мамандары облыс орталығынан келген әдеп жөніндегі уәкілге сауалдарын жолдады. Шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы Мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізді. 
Дәл осындай жұмыс сапарымен Шар қаласында жалғасып, мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар барысында қалалық мамандарға әдеп нормасы туралы сауалнамалар жүргізіліп, жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізді.

Похожее