Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі туралы

03.02.2023

 Өткізу орны:                                                                                       Өту мерзімі:

ШҚО, Өскемен қ, Жастар к-сі 31/3,                                                  4 ақпан, 2023 жыл

«№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен        2023 жылғы 4 ақпанда Өскемен қаласының «№47 жалпы білім беретін мектеп» базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында дебат клубтарының Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтеді. ШҚО бойынша турнирге қатысушыларды жалпы қамту 1388 оқушы (255 пікірсайыс клубы).

Турнирдің облыстық кезеңіне қазақ, орыс, ағылшын лигаларының құрамында аудандық/қалалық және мектепішілік кезеңдердің 70 – тен астам жеңімпаз оқушыларын қамтитын 36 пікірсайыс клубы қатысады. Турнир қатысушыларын жалпы қамту ШҚО бойынша: 1 388 оқушы (255 пікірсайыс клубы).

Турнирдің мақсаты – шешендік шеберлік дағдыларын, құрылымды диалог пен пікірталас жүргізудің мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру.

Аталмыш шара дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту арқылы білім алушыларды әлеуметтендіру және өзін өзі дамыту міндеттерін шешуге бағытталған.

Білім алушылар пікірсайыста пікірталас сұрақтарына негізгі тақырыптарды таңдайды – бұл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен гүлденуі, бұл елдің қарқынды дамуына әрбір азаматтың жеке атсалысуы, қоғам игілігі үшін жұмыс істеу ниеті мен қабілеті, туған елдің игілігі үшін жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, Қазақстанның дәстүрлерін сақтау және мәдени мұрасын дамыту – осы және басқа сұрақтар ашық дебаттарда талқылануы мүмкін.

Төрешілер алқасы жоғары оқу орындарда дебатпен айналысатын студенттер құрамынан құралады.

Турнир жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, кубоктармен марапатталады. Қалған қатысушылар сертификаттар алады.

Қосымша ақпарат алу үшін:

- ШҚО білім басқармасының жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі, тел: 8 (7232) 70-23-58, е-mail: bilim@akimvko.gov.kz ;

- ШҚО білім басқармасының «ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы»,        тел: 8 (7232) 75-42-12, е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz. хабарласыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожее