Құмды, сары топырақты, құмды-қиыршық тас қоспалар және басқа да қазба байлықтарын заңсыз түрде игеру

09.08.2018

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының шет бойымен жүрсеңіз, бірден шұңқырлар, кіші кеніштер көзге түседі. Мұның барлығы кұм, сары топырақты игеруде рұқсаты жоқ, жеке тұлғалармен заңды тұлғалардың немқұрайлық әрекеттерінің нәтижесі. Жоғарыда аталып кеткен бұл құрылыс материалдары, жалпы пайдалы қазбаларға жататынын түсіну қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы және оның ішіндегі пайдалы қазбалар, мемлекеттің иелігінде.

Жер қойнауына мемлекеттің жеке меншіктік құқығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Мемлекет, заңнамалық актілер негiзінде, жер қойнауын пайдалануға белгілі бір шарттар мен шектер қою арқылы рұқсат береді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекет ғана береді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығы, соған байланысты лицензияның және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың болуының негізінде жүргізіледі.

Осыған байланысты, келісім-шарт немесе лицензия жоқ болған жағдайда, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алып қою заңсыз болып табылады.

Әдетте, заңсыз жер қойнауын пайдаланудағы бүлінген жерлер қалпына келтіруге жатады. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11256 тіркелген «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықты Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу рәсімі: дайындық жұмыстары (камералдық және далалық); іздестірулер жүргізу; бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеу; жобаны келісу және беру жүйесінде жүзеге асырылады. Жобалау құрылыстың бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерінде немесе техникалық-экономикалық есептерінде қабылданған шешімдер негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттің жеке меншігі жер қойнауын заңсыз қолдану Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 139-шы бабы 1-ші бөліміне сәйкес құқық бұзушылық болып саналады. Пайдалы қазбаларды заңсыз қолдану жеке тұлғаларға - 50АЕК немесе 120250 теңге, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 100 АЕК немесе 240500 теңге, орташа кәсіпкерлік субъектілері үшін - 150 АЕК немесе 360750 теңге және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 500 АЕК немесе 1 202500 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көріп отырғанымыздай, пайдалы қазбалардың заңсыз түрде пайдаланылғаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері өте жоғары.    

 Жеке құқықты бұзушылар айыппұлдан бөлек, пайдалы қазбаларды заңсыз қолдануда жеке мүлікті бүлдіргені үшін нарықтық құнмен оны он есе мөлшерінде қайтару керек екендігін ескеру керек.

01.08.2018 жыл бойынша жалпы сомасы 1 863 875 теңге көлемінде 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 9 айыппұл 917 825 теңгеге мемлекет кірісіне төленді, 1 айыппұл 84 175 теңгеге мәжбүрлеп өндіріп алуға жолданды, 5 айыппұл уақыты келген жоқ. Бұдан басқа, жалпы сомасы 1 632 793 теңгеге 11 залал келтірілген, оның ішінде мемлекет кірісіне жалпы сомасы 320 949 теңгеге 4 залал мемлекет пайдасына төленді, 1 275 772 сомасында 6 залалдың уақыты келген жоқ, 36 072 теңгеге 1 шығын материалдары  сотқа жіберілді.

Мысалы, Г атты азаматқа Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 139-шы бабы 1-ші бөліміне сәйкес 50 АЕК -120250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады, сонымен қатар 4,7 м3 мөлшерінде ҚҚҚ-ны (құм-қиыршықты қоспа) заңсыз өндіргені үшін 74000 теңге көлемінде шығындарды қайтару жөнінде талап қойылды.  

Және сіз осындай заңсыз әрекеттерді жасамас бұрын, бұндай әрекет қандай жағдайға әкеліп соғатынын ескеруіңіз керек.         

Облыстың аумағында іс-шараларды кәсіпорын жүзеге асырады, оның негізінде құм, саз, ҚҚҚ (құм қиыршықты қоспа) түрінде құрылыс материалдарын заңды негізде сатып алуға болады. Сондай-ақ, біз геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ресми сайтында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге немесе бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - бұқаралық ақпарат құралдарында) өндіруге келісім-шарт (лицензия) бар жер қойнауын пайдаланушылар тізімін көре аласыз.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді болдырмау үшін жұмыс жасау үстінде.       Құқықтықты қамтамасыз ету және заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын бұзулуынын болдырмау мақсатында РММ «ШҚО бойынша Экология Департаменті» экологиялық заңнаманың талаптарын сақтау қажеттілігі туралы және де оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ақпаратттандырып ескертеді.

Похожее