Өскеменде электробус сынақтан өткізілуде

01.05.2018

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовке облыстағы алғашқы электробус таныстырылды. Экологиялық тұрғыда таза көлік қазіргі уақытта 30 күндік тестілеуден өтуде.

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовке облыстағы алғашқы электробус таныстырылды. Экологиялық тұрғыда таза көлік қазіргі уақытта 30 күндік тестілеуден өтуде, деп хабарлайды 16news.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Егер сынақ қорытындысы оның жайлы әрі үнемді екенін көрсетсе, Өскемен жаңа заман көлігі қатынайтын Қазақстандағы төртінші қала болады. Қазақстандық ғалымдардың қытайлық мамандармен бірге жасаған «Quazar» жоғары технологиялық электробустары, ең бірінші, экологиялық мәселені шешуге бағытталған.

Фирма өкілдерінің айтуынша, олар дизельмен жүретін қарапайым автобустармен салыстырғанда бірнеше есе үнемді. Егер бүгінгі автобустар күніне 250 шақырымға 125 литр отын жұмсаса, электробустар бір ауысымда 189 кВт энергия жұмсайды.

«Оларды әлі сатып алған жоқпыз. Өңір жолдарында өзін қалай көрсетеді, мүмкіндігі қандай, осыны нақтылау үшін №44 бағыттағы автобустың бағдарына жібердік», — деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Даниал Ахметов облыстағы үлкен қалаларға қоғамдық автобустарды жаңарту туралы тапсырма берген-ді. Бүгін Семей №4 бағдарға тағы жаңа 15 автобусты іске қосты. Олар Қарағайлы мен Жастық шақ шағын аудандары арасында қатынайды.

Похожее