04.08.2018
Академиялық еркіндікке жету жолында университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналуы; Бақылау Кеңестерін құру; ректорлардың көпшілік алдында есеп беруі; ЖОО-дың шетелде филиалдар ашуы; стартап-компанияларды құру; оқу орнына қабылдау тәртібін анықтау сынды қадамдар маңызды рөл атқарады.
- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де автономдық алу үшін мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Академиялық еркіндікті кеңейтудегі негізгі аспектілер: білім беру бағдарламаларының мазмұнын еңбек нарығына сәйкестендіру мүмкіндігі, аймақта сұранысқа ие болатын, жаңа білім беру бағдарламаларын құру, - деп хабарлады Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінде.
Естеріңізге сала кетейік, сәтті жүргізілген реформалардың көрсеткіші ретінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы болып табылады. Негізгі мақсаты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78-ші қадамын жүзеге асыру.
Похожее
14.06.2023 19:19
- Мы, родители, должны занимать более активную...