15 қаңтарда сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан өнер музейі "ART-ЖАСТАР" көрмесін ерекше ашады.

16.01.2019

Ашылу кезінде Ready-made және скетчинг болады. Экспозицияда - өнер музейінің жиынтығындағы қазақстандық суретшілер кескіндемесі.

Көрме Қазақстандағы Жастар жылына арналады.

         Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 27 жылдан асты. Осы уақыт аралығында елімізде жаңа формациядағы азаматтардың жас буыны өсті.  Республиканың болашағы жас ұрпақтың  қандай болуына  байланысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.  

"ART-ЖАСТАР" көрмесі көрерменге жастар тақырыбына арналған көркем шығармалардың ретроспективасын ғана емес, сонымен қатар жас суретшілер жасаған отандық пластиканың тарихын ұсынады. Экспозицияда социалистік реализмнен, "алпысыншы жылғылар" шығармашылығы арқылы қазіргі заманғы  ең беделді көрмелерінде белгілі ұлттық авангардқа дейінгі жол көрсетілген.

Вернисажға келіңіз! Біз жастардың жарқын және батыл өнерін сүйетіндерді шақырамыз.  

Похожее