2019-2021 жылдарға арналған бюджеттің жобасы қаралды

08.11.2018

Қалалық мәслихаттың депутаттары жұмыс тобының отырысында келесі жылға арналған қала бюджетінің жобасын қарауды бастады.

Қалалық ішкі саясат, білім беру, дене шынықтыру және спорт, мәдениет жіне тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің бюджеттік өтінімдері қаралды. Сондай-ақ 2018 жылға арналған қала бюджетінің жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының ұсыныстарының орындалуы туралы ақпарат тыңдалды. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары келесі жылдың бюджетінде балабақшаларды жөндеуге, қала кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жөндеуге қаражатты ұлғайту, жастарға арналған спорт секциялары мен залдарына баруға жеңілдіктер беру мүмкіндігін қарау ұсыныстарын берді.

Похожее