2019 жылғы 19 ақпанда Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар 35 жасқа дейінгі қалалық әкімдіктің жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

10.04.2019

Кездесу барысында әкім әр маманмен танысып, әңгімелесіп, олармен мансаптық өсу және бейресми жағдайда бос уақытты ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. Осыған байланысты қала әкімі жастар клубын құруды ұсынды. Осындай кездесулердің мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қабілеттерін, жеке қасиеттерін анықтау және олардың жалпы әлеуметтік портретін анықтау болып табылады. Кейіннен, кадрларды қалыптастыру және іріктеу кезінде жас мамандардың барлық анықталған жеке қасиеттері ескерілетін болады.

Меритократия қағидаттарына сүйене отырып, әкім бірінші кезекте қолда бар кадрларды көтерудің маңыздылығын атап өтті. Осы ойларды іске асыру Өскемен қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне берілді. Бүгінгі таңда «21 ғасырдың мемлекеттік қызметшісі» атты клуб құрылды, оған 65 адам кірді. Оның ай сайынғы жұмыс жоспары әзірленді.

2019 жылғы 18 наурызда персоналды басқару қызметі клуб мүшелері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қатысуымен іс-шара ұйымдастырды. Ашық есік күні аясында Академия филиалында мемлекеттік қызметшілердің жас буынының өкілдері олардың әрқайсысы Академияға оқуға қалай түсуге болатынын білді. Академия қабырғасында алған білімі жоғары лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу кезінде артықшылық береді. Сонымен қатар психологтар клуб мүшелерінің жеке қасиеттерін анықтау мақсатында тренинг өткізді.

Жақын арада Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлы Омардың жүлдесі үшін спорттық-интеллектуалдық сипаттағы кезекті іс-шара өткізу жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Похожее