28 қыркүйек күні Ертіс концерт залында Өскемен қаласы әкімінің кубогіне арналған Жайдарман фестивалі өтті.

01.10.2018

Ойынға Микс/Өскемен, Финанс/Семей, Мамырсу мақтаныштары/Аягөз, Серпін құрамасы/Семей, Көкжайық құрамасы/Көкпекті, Жаңа Семей/Семей, Қамажай/Өскемен командалары қатысып, көрерменге көтеріңкі көніл-күй силады.

Барлық командалар жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Сайыс болғандықтан, ойын соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған топтар анықталды. 100 000 теңге көлеміндегі сыйлықты және 1 орынды, әділ қазы алқалары бір ауыздан Жаңа Семей/Семей командасына табыстады. Ал 70 000 теңге көлеміндегі сыйлықты және 2 орынды Мамырсу мақтаныштары/Аягөз жеңіп алды. Қаланың мақтаныш тұтатын Қамажай/Өскемен командасы 50 000 теңге көлеміндегі сыйлықты және 3 орынды қанжасына байлады. Барлық командаларға алғыс хаттар табысталды.
Жайдарман-жастардың сүйіп тамашалайтын ойындарының бірі. Бүгінгі командалар жақсы ойын көрсетіп, осы сөзді тағы бір дәлелдеді!

Похожее