02.01.2019
Республика алаңында жиналған 5 мыңға жуық тұрғындар ертегі кейіпкерлерінің, танымал әртістер мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен төрт сағаттық қойылымды тамашалады. Өскемендіктерді Жаңа жылдың келуімен қала әкімі Жақсылық Омар құттықтады. Қала басшысы 2018 жылдың жетістіктерге өте бай екенін атап, жерлестеріне бақыт пен молшылық тіледі. Мереке соңында жиналған қауым Жаңа жылдық отшашуды тамашалады.