18.07.2017
2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданыстағы әлеуметтік төлемдер: 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек; көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы үш түрінің орнына жаңа форматты атаулы көмек енгізіледі (шартты және шартсыз).
Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев тікелей эфир кезінде айтып өтті.
Сондай-ақ, шарттыз көмек жұмыспен қамтуға ықпал етудің шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тағайындалады (1, 2 топтағы мүгедектер; 7 жасқа дейінгі бала күтімінде отырғандар, 1, 2 топтағы мүгедектерді, 80 жастан жоғарғы қарттарды күтушілер)
Шартты ақшалай көмек отбасында жұмысқа қабілетті азаматтар және жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді түрлеріне (тұрақты жұмысқа орналасу, оқыту және біліктілігін арттыру, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар іс-тәжірибесі) міндетті қатысқан жағдайда тағайындалады
«Отбасының жан басына шаққандағы табысының шегі жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындағанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% мөлшерінде қарастырылған» - деді Қуат Тұмабаев.
Фото: Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...