«Астана Банкі» АҚ-ның салымдарында, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналастырылған ақшаны өтеу туралы ҰБ Шығыс Қазақстан филиалының ақпараты

24.01.2019

2019 жылғы 9 қаңтарда «Астана Банкі» АҚ-ын мәжбүрлі түрде тарату туралы 2018 жылғы 26 қарашадағы Алматы қаласы МАЭС шешімі заңды күшіне енді.

«Астана Банкі» АҚ-ы салымшыларының өтініштерін қабылдау және өтемақының төленуі «Еуразиялық банк» АҚ-ның, оның ішінде  Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан филиалдары мен бөлімшелерінде жүргізілетін болады, 2019 жылғы 26 қаңтардан 26 шілде аралығында.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Еуразиялық банк» АҚ төлемдері мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

Өскемен қ.

1

«Еуразиялық банк» АҚ № 9 филиалы

Өскемен қ., Е.П. Славский атындағы жағалау, 24/3, т. 8 (7232) 20-80-20

2

№ 901 бөлімше

Өскемен қ., Қ. Батыр көшесі, 99-46,47, т. 8 (7232) 26-65-64

3

№ 904 бөлімше

Өскемен қ., Виноградов көшесі, 22-1,2, т. 8 (7232) 60-98-75, 77-70-34

4

№ 909 бөлімше

Өскемен қ., Тәуелсіздік даң., 2-36, 53, 54, т. 8 (7232) 561-061

5

№ 911 бөлімше

Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 64, т. 8 (7232) 20-80-33

Семей қ.

6

№ 991 бөлімше

Семей қ., Ибраев көшесі, 153/16, Б. Момышұлы көшесінің бұрышы,

т. 8 (7222) 52-68-61

7

№ 912 бөлімше

Семей қаласы, Ш. Уалиханов көшесі, 124, 8 (7222) 52-63-08

Облыс бойынша

8

№ 907 бөлімше

Риддер қ., Тәуелсіздік даңғылы, 12-20, т. 8 (72336) 4-20-55

9

№ 908 бөлімше

Алтай қ., Советская көшесі, 21, т. 8 (72335) 3-23-08

10

№ 910 бөлімше

Зайсан қ., Жангельдин көшесі, 39, т. 8 (72340) 25-5-54

11

№ 913 бөлімше

Аягөз қ., Абая бульварі, 21-24, т. 8 (72237) 3-11-93

12

№ 914 бөлімше

Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 87, т. 8 (72230) 3-18-49

Филиал мен бөлімшелердің жұмыс кестесі:

- 2019 жылғы 26 қаңтарда барлық бөлімшелер мен филиалдар жұмыс істейді:  8:00-ден 22:00-дейін;

- 2019 жылғы 27 қаңтарда барлық бөлімшелер мен филиалдар жұмыс істейді:  8:00-ден 20:00-дейін;

- дүйсенбі, 28 қаңтардан бастап 26 шілде аралығында агент банк «Астана Банкі» АҚ-ң салымшыларына өтемақының төленуін филиалдар мен бөлімшелердің әдеттегі режимінде жүргізетін болады.

 

Өтемақыны алу үшін «Астана Банкі» АҚ салымшыларының жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет. Салымшыларды сәйкестендіру ЖСН арқылы жүзеге асырылады. «Астана Банкі» АҚ салымшысының өкіліне өтініш беру және өтемақыны төлеу нотариат куәландырған сенімхат бойынша рұқсат етіледі.

Өтемақыны алу тәртібі, құжаттар тізбесі, депозиттер бойынша барынша жоғары кепілдік сомасы, сондай-ақ өтініштерді қарау тәртібі және мерзімдері туралы жалпы ақпаратты «Еуразиялық банк» АҚ-ның ресми веб-сайтында: www.eubank.kz және агент банктің анықтама қызметінде білуге болады: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722 алуға болады.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы жалпы ақпарат және «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтемақы төлеу барысы туралы өзекті ақпарат www.kdif.kz. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының веб-сайтында қол жетімді. 

Телеграм-чатқа, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады немесе ҚДКБҚ-ның www.kdif.kz веб-сайтына сауал қалдыра алады.

Похожее