БЦЖ екпесі – туберкулез ауруын алдын алудағы негізгі жолы.

01.04.2019

Туберкулез – туберкулез таяқшасымен (Кох бацилласымен) шақырылатын жұқпалы ауру. Туберкулез көбінесе тыныс алу жолдарын зақымдайды, бірақ өкпеден тыс түрлері де кездеседі. Олар тері, лимфа түйіндері, сүйек, бүйрек, көз, кеуде қуысы мүшелері, орталық нерв жүйсі және тағы басқа мүшелердің туберкулезі.

Туберкулезді ауру адамнан ауа-тамшы жолы арқылы (сөйлесу, түшкіру, жөтелу); туберкулез қоздырғышы бар түкірік пен сілекеймен ластанған заттармен қатынасу кезінде жұқтыруға болады, себебі Кох бацилласы сыртқы ортада белсенлілігін ұзақ уақытқа дейін сақтай алады. Сұйық қақырықта туберкулез таяқшасы кептірілген күйде болсада, әртүрлі заттарда, киімдерде, кітаптарда 5-6 айға дейін сақталады.

Туберкулезден қорғанудың негізгі жолы – оған қарсы егу болып табылады.

 БЦЖ деген шет тілінен аударғанда BCG – Bacillus Calmette, яғни Кальмет-Герен бациласы дегенді білдіреді. Бұл туберкулезге қарсы вакцина, ол тірі, бірақ әлсіретілген сиырдың туберкулезді таяқшасынан жасалады. Оның негізгі ерекшеліктері: мақсаты – туберкулез таяқшасына қарсы бала ағзасының қарсылығын жоғарылату; аурудың ауыр түрлері – туберкулезді менингит, буын мен суйектердің зақымдануы мен өкпенің зақымдануының қауіпті түрлерін дамуын алдын алады; балалар арасындағы аурушандылықтың төмендеуіне ықпал етеді. Осының барлығының маңыздылығын ескере отырып, нәрестелер арасындағы БЦЖ екпесі неғұрлым ерте, екпеге қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда – перзентханаларда жасалады. Перзентханада қандай да бір себеппен егілмеген балалар, балалар емханасында егіледі. БЦЖ екпесімен егілген балалардың ағзасында алалардың көбінде иммунитет 5-7 жыл бойы сақталады, сондықтан баланың 6 жасында (1сынып) БЦЖ екпесімен егуді қайта жасайды (Манту сынамасының теріс нәтижесінде).

Туберкулезді алдын-алу мақсатында Кальмет-Герен бацилласы вакцинасымен қайта егу:

  1. Манту сынамасының теріс нәтижесінде дені сау егілмеген 6 жастағы (1сынып)  балаларға республика бойынша бір мезетте оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) оқу орнында (мектепте) жасалады. Бұл айда мектептерде басқа екпелерді жасауға тиым салынады.
  2. Манту сынамасының нәтижесі күдікті болған балаларға 3 айдан кейін қайта қойылады, қайталама сынама нәтижесі теріс болса, қайта егу жасалады.

Созылмалы аурулармен ауыратын балалар, дені сау балаларға екпені ерекше қажет етеді, себебі ауру балаларда туберкулезді емдеу ауыр және ұзақ уақытты қажет етеді, ал егу процесі баланың ағзасы үшін жеңіл өтеді.

Қазіргі медицинаның дамыған заманында сапалы емдеу тәсілдері табылмаған ауруларға да вакциналар ойлап шығарылған. Екпе дамыған елдерде денсаулық сақтаудағы таза ауыз судан кейігі бірден бір маңызды мәселе болып табылады. Екпе ол аурушандылықты төмендету мен жұқпалы ауруларды алдын – алудың ең тиімді құралы. Қазіргі уақытта екпенің көмегімен әртүрлі 28 аурулардың алдын алып отыр. Көптеген балалар екпенің арқасында қайғы-қасіреттен қорғалып отыр.

            Қазақстанда екпемен иммундау - балалар арасындағы жұқпалы аурулардың деңгейін төмендететін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады, бұл көптеген жылдардың тәжірибесімен дәләлденген және халықтың эпидемиологиялық қолайлылығын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының деңгейінде тұр.

 

Құрметті ата-аналар!!!

Әрбір бала екпе алып, мықты денсаулықпен өмір сүруге құқылы. Сондықтан дұрыс таңдау жасаңыздар!!!

 

«ҚР ДСМ ҚДС Комитетінің ШҚО ҚДС Департаментінің Өскемен қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ  басшысы  М. Дерябин

Похожее